Centek CT-2720 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/40] 744261

Centek CT-2720 Инструкция по эксплуатации онлайн [14/40] 744261
13
ҚАПТАЛДЫҚ ЩЕТКАЛАРДЫ ТАЗАЛАУ
Кептелген қоқысты алу үшін тазалауға арналған қылтанақты пайдаланыңыз.
Қапталдық щеткаларды тазалау үшін таза шүберекті пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Тазалау сапасын сақтау үшін қапталдық щеткаларды үнемі тазалап отырған
жөн.
Егер қапталдық щеткалар қатты бітеліп қалса, оларды шешіп алып,
ағып тұрған сумен шайыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Тазалауға арналған судың температурасы 60 ⁰С төмен болуы керек. Щеткалар-
ды әбден кепкеннен кейін ғана орнына қойыңыз.
ШАҢСОРҒЫШТЫҢ ҮСТІҢГІ БӨЛІГІН ТАЗАЛАУ
Егер шаңсорғыштың үстіңгі жағына шаң жиналып, саусақ ізі қалатын болса,
оны таза шүберекпен сүртуге болады.
ҚҰРҒАҚТАЙ ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН КОНТЕЙНЕРДІ ТАЗАЛАУ
Контейнер бекіткішін қысып басып, көрсетілгендей етіп шешіп алыңыз.
Бір қолыңызбен бекіткішті басып тұрыңыз, ал екінші қолыңызбен
контейнерді ашып, одан қоқысты алу үшін қақпақты ашыңыз.
Контейнерді көрсетілгендей етіп тазалаңыз.
Сүзгілерді шығарып, шаңнан тазартыңыз.
Контейнер мен сүзгілерді ағып тұрған сумен жууға болады.
Тазаланған сүзгілерді орнына қойып, контейнердің қақпағын жабыңыз, со-
дан кейін оны роботқа қайта салыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Контейнер мен сүзгілерді орнына әбден кепкеннен кейін ғана орналастыруға
болады. Сүзгілерді тіке күн көзі түсетін жерлерге қоймаңыз. НЕРА-сүзгіні
ылғалдап өңдемеңіз
Жиналған қоқысты шашып алмау үшін контейнерді алып тастағаннан кейін
алдымен қақпағын ашып, содан кейін ғана резервуарды тазалаңыз.
Шаңсорғыш роботты пайдалануды бастағаннан кейін, контейнер мен сүзгіні
бірінші айда үш күн сайын, содан кейін аптасына бір рет тазалау ұсынылады.
ЫЛҒАЛДАП ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН КОНТЕЙНЕРДІ ТАЗАЛАУ
1. Ылғалдап жинауға арналған контейнер бекіткішін басып.
2. Көрсетілгендей етіп ылғалдап тазалауға арналған шүберекті шешіп алыңыз.
3. Шүберекті көрсетілгендей ағып тұрған сумен шайып, құрғатыңыз және
қайта қолданыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Шүберекті ылғалдап жинауға арналған контейнермен бірге жумаңыз.
Судың температурасы 60 ⁰С аспауы тиіс.
Машинада жууға болмайды.
Күн көзі тіке түсетін жерде кептірмеңіз.
ЫЛҒАЛДАП ЖИНАУҒА АРНАЛҒАН КОНТЕЙНЕРГЕ ТЫҒЫЗДАҒЫШТЫ ОРНАТУ
кіргізу және бекіту
Егер сіз тығыздағышты бұрын кездейсоқ алып тастаған болсаңыз, оны
бұрынғы орнына қайтару үшін жоғарыдағы суретте көрсетілгендей қайта
орнатыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать