Bosch GSA 1100 E (0.601.64C.800) [102/155] Техникалық күтім және қызмет

Bosch GSA 1100 E (0.601.64C.800) [102/155] Техникалық күтім және қызмет
102 | Қaзақша
1 609 92A 0B5 | (20.1.14) Bosch Power Tools
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Желілік аша қосылған болса, шам 10 жанады және нашар
жарықтандыру жағдайларында жұмыс аймағын
жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 7 басып кейін қосқыш/өшіргішті 8 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды
өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 8
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 8
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс санын басқару
Қосқышты/өшіргішті 8 басу күшін өзгерте отырып,
қосылған электр құралының жүрістер санын біртіндеп
реттеуге болады.
Қосқышты/өшіргішті 8 жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы м
үмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану
оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Электр құралын
салқындату үшін шам. 3 минут максималды жүріс санында
істетіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ұсыныстар
Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдарында т.б. ине, бұранда
т.б. сияқты бөгде денелерді алып тастап тиісті ара
полотноларын пайдаланыңыз.
Электр құралын қосып өңделетін дайындамаға апарыңыз.
Тіреу тақтасын 2 дайындама сыртына қойып материалды
бір қалыпты ретте басып немесе жылжытып аралаңыз.
Жұмыс әдісін аяқтағанан соң электр құралын өшіріңіз.
Ара полотносы тұрып қалса электр қ
ұралын бірден
өшіріңіз. Араланған аралықты сайкес аспаппен аз
кеңейтіп электр құралын шығарыңыз.
Қол арасы (EF суреттерін қараңыз)
Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты
жұмсақ материалдарды өңдеуге болады! Қол
арасымен метал заттарын өңдемеңіз!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз.
Электр құралының тірек тақтасының 2 қырын
дайындамаға қойып қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр
құралын қатты дайындамаға басып ара полотносын
ақырын дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы 2 толық бетімен дайындамада жатқанда
қажетті аралау сызығ
ымен аралаңыз.
Белгілі жұмыстарда ара полотносын 1 180° бұрап (тістері
жоғары) қайта орнатуға болады.
Тығыз аралау (G суретін қараңыз)
Икемді биметал ара полотноларымен, мысалы су
құбырлары т.б. сияқты дөңес құрылыс элементтерін
тікелей қабырғада аралауға болады.
Ара полотносы өңделетін дайындама диаметрінен
ұзын болуына әрдайым көз жеткізіңіз. Кері соққы
қаупі бар.
Ара полотносын қабырғаға тығыз қойып, электр құралы
шетінен басып, тірек тақтаны қабырғаға тигізіп аздап
қисайтыңыз. Электр құралын қосып дайындаманы
тұрақты реттегі басымбен аралаңыз.
Суытқыш/Майлау заттары
Металды аралау кезінде материал қызуы себебінен аралау
сызығында суытқыш немесе майлау затын жағу керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Ара полотносы патронын сығымдалған ауамен немесе
жұмсақ қылшақпен тазалаңыз. Ара полотносын электр
құралынан алып қойыңыз. Ара полотносы патронын тиісті
майлау материалдарымен істейтін күйде сақтаңыз.
Электр құралының ластануы ақаулар тудыруы мүмкін. Ол
үшін шаңды материалдарды бас үстінде немесе астында
араламаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса,
қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды
тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының
авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету
орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
OBJ_BUCH-819-003.book Page 102 Monday, January 20, 2014 9:23 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать