Bosch IXO Collection - угловая насадка [109/256] Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары

Bosch IXO Collection - угловая насадка [109/256] Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары
Bosch Power Tools 1 609 92A 0P4 | (19.8.14)
Қaзақша | 109
шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті.
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір
аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды
зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Электр құралдарына арналған аккумуляторларды ғана
пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы
мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден,
шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан
сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу
күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан сұйықтық ағуы
мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ тигенде, сол жерді сумен
шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі
мүмкін.
Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы электр құралының
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары
Бұранданың жасырын тоқ сымына тиюі ықтимал жұмыстарды
орындауда құралды оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз.
Бұранда тоқ өтетін сымға тиген жағдайда металды құрал
бөлшектеріне тоқ беріліп, соғуына алып келуі мүмкін.
Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және
бұрап босату кезінде қысқаша жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін.
Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа
орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады.
OBJ_DOKU-27183-005.fm Page 109 Tuesday, August 19, 2014 11:12 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать