Galaxy GL2612 [13/22] Жабдықтардың қауіпсіздігі туралы кеден одағының техникалық регламентіне кеден

Galaxy GL2612 [13/22] Жабдықтардың қауіпсіздігі туралы кеден одағының техникалық регламентіне кеден
14
14
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
1 ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР
GALAXY GL2612 шағын пеші (ары қарай мәтін бойынша – пеш, құрал, электр құралы, тұмпапеш)
– шағын пәтерлер мен саяжай шарттарында мінсіз шешім болып табылатын жинақы электрлі
тұмпапеш. Тұмпапеш төрт қыздырғыш элементпен жабдықталған (екі астыңғы және екі үстіңгі).
Тағам дайындау үшін қолданушыға 8 дайындаушы бағдарламаның бірін таңдау және бастау
батырмасын басу жеткілікті болады – пеш уақыт пен температураның оңтайлы параметрлерін
өздігінен орнатады. Одан басқа, қолданушы параметрлерді қолмен теңшей алады. Таңдалған
бағдарлама сандық дисплейде бейнеленеді. Тұмпапеште ет, тосттарды, пиццаны дайындауға,
көкөністерді, балықты қақтап пісіруге немесе бұқтырып пісіруге, қамырдан бәлішті және басқа
да өнімдерді пісіруге болады. Шағын пеш дайындауды кейінге қалдыру атқарымымен, конвекци
-
ямен және электромеханикалық істікпен жабдықталған. Конвекциялық желдеткіш тұмпапештің
барлық камерасы бойынша ыстық ауаның тұрақты айналымын қамтамасыз етеді, бұл бір уақытта
екі –үш деңгейлерде пісіру мүмкіндігін береді, және бұл ретте тағамды бірқалыпты қыздыру
орын алады. Кейінге қалдыру атқарымы қолданушыға белгілі бір уақытта тағам дайындау үшін
қолайлы болады. Істік тауықты, қақтаманы және кәуапты дайындау үшін қолданылады. Ет барлық
жағынан электрлі қозғалтқыштың, айналушы істіктің арқасында біркелкі пісіріледі. Тұмпапештің
есігі «өзіңізге» ашылады. Тұмпапеште кіріктірілген жарықтандыру болады. Жиынтықта дайындауға
қажетті барлығы бар - қаңылтыр таба, тор, істік және олар үшін ұстағыш.
Аталған бұйым келесі талаптарға сәйкес болады: Кеден одағы Комиссиясының 2011
жылдың 16 тамызындағы №768 Шешімімен бекітілген ТР ТС 004/2011 «Төмен вольтты
жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне; Кеден
одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсанындағы №879 Шешімімен бекітілген ТР
ТС 020/2011 «Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі» Кеден одағының
техникалық регламентіне; Кеден одағының Техникалық регламенті «Электрлік және
радиоэлектрондық өнімдердегі қауіпті заттардың қолданылуын шектеу туралы» КО ТР 037/2016.
2 ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
1 кесте
Параметрдің атауы Мәні
Атаулы кернеу 220-240 В ~
Атаулы жиілік 50 Гц
Үстіңгі және астыңғы қыздырғыш элементтердің
бір уақытта жұмысы кезінде тұмпапештің атау-
лы тұтынатын қуаты
2000 Вт
Үстіңгі қыздырғыш элементтің жұмысы кезінде
тұмпапештің атаулы тұтынатын қуаты
1000 Вт
Астыңғы қыздырғыш элементтің жұмысы
кезінде тұмпапештің атаулы тұтынатын қуаты
1000 Вт
Тұмпапештің көлемі 38 л
Қуат беру баусымының ұзындығы 88 см
3 ЖИЫНТЫҚТЫЛЫҚ
2 кесте
Атауы Саны
Шағын пеш 1 дана.
Қаңылтыр таба 1 дана.
Тор 1 дана.
Қаңылтыр таба мен тор үшін ұстағыш 1 дана.
Істіктің ұстағышы 1 дана.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана.
Тұтынушылық ыдыс 1 дана.

Содержание

Похожие устройства

Скачать