Galaxy GL2612 [14/22] Қауіпсіздік талаптары

Galaxy GL2612 [14/22] Қауіпсіздік талаптары
15
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
4 ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Электр құралының қауіпсіз және тұрақты жұмысына келесі шарттардың сақталуы
кезінде ғана кепіл беріледі:
4.1 Электр құралын осы нұсқаулықта аталғандардан басқа мақсаттар үшін қолданбау керек.
Құралмен жұмыс, оны сақтау және оған күтім жасау осы пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа қатаң
сәйкес жүргізілулері керек.
4.2 Электр құралы өнеркәсіптік қолдануға арналмаған және тұрмыстық мақсаттарда ғана
қолданыла алады.
4.3 Электр құралын, қуат беру баусымын немесе ашасын суға немесе басқа да сұйықтықтарға
батырмаңыз. Желіге қосылған және жұмыс істеп тұрған құралды дымқыл қолдармен ұстамаңыз.
Құралды ванна бөлмелерінің, шұңғылшалардың немесе сумен толтырылған басқа да ыдыстардың
жанында қолданбаңыз.
4.4 Электр құралын ашық ауада, жылу көздеріне тікелей жақын жерде немесе ылғалдылығы
жоғары бөлмежайларда қолданбаңыз.
4.5 Электр құралын егер жану немесе жарылыс қаупі бар болса, мәселен тез тұтанушы
сұйықтықтар мен газдардың жанында қолданбаңыз.
4.6 Электр құралын қуат беру желісіне қосудың алдында желі параметрлерінің 220-240 В ~ 50
Гц мәніне сәйке келетіндіктеріне көз жеткізу қажет.
4.7 Электр құралын электр желісінен ажыратудың алдында бағдарламаның өз жұмысын
аяқтағанына көз жеткізіңіз немесе оны «БАСТАУ/ДОҒАРЫ» батырмасымен ажыратыңыз.
4.8 Электр құралын желіден ажырату кезінде баусымнан емес, ашадан ұстау керек.
4.9 Электр құралын егер ол қолданылмаса әрдайым желіден ажыратып отыру керек.
4.10 Сонымен бірге электр құралын кез келген ақаулықтар орын алған жағдайда және жұмыс
аяқталғаннан кейін желіден ажырату керек. Жұмыс істеп тұрған құралды қараусыз қалдырмаңыз!
4.11 Егер ол тіпті желіден ажыратылған болса да, балаларға электр құралымен жанасуларына
рұқсат бермеу керек.
4.12 Балалардың электр құралымен ойнауына жол бермеу үшін қарауда болулары керек.
4.13 Қуат беру баусымының және электр құралы корпусының бүтіндігін қадағалау қажет. Элеткр
құралын бүлінулер болған кезде қолдануға тыйым салынады.
4.14 Қуат беру баусымы бүлінген кезде қауіптерге жол бермеу үшін оны дайындаушы немесе
оның агенті, немесе аналогтік біліктік тұлға ауыстыруы керек. Қуат беру баусымын ауыстыру
қолданыстағы тарифке сай авторландырылған сервистік орталықта жүзеге асырылады.
4.15 Электр құралын орнықты емес беттерге немесе электр құралдарына орналастырмаңыз,
мәселен, тоңазытқышқа немесе орамал секілді материалдарға.
4.16 Электр құралының маңындағы еркін кеңістік әрбір бүйірлік жақтарынан, сонымен бірге
үстінен ауаның еркін айналымы үшін кем дегенде 15 см құрауы керек. Желдеткіш саңылаулардың
әрдайым таза болуларын қадағалаңыз. Жанына қандай да болмасын заттарды орналастырмаңыз.
Желдеткіш саңылауларды мерзім-мерзім жинақталған шаңдардан тазалап отырыңыз.
4.17 Электр құралының бетіне қандай да болмасын заттарды сақтамаңыз. Жұмыс істеп тұрған
электр құралын бірдеңемен жабуға тыйым салынады.
4.18 Электр құралын қолдану кезінде тек жылуға төзімді ыдысты және металдан жасалған ыды-
сты ғана қолдануға рұқсат етіледі. Электр құралына бөгде заттарды, пластиктен, жылуға төзімсіз
шыныдан, қағаздан, ағаштан жасалған ыдысты және басқа да тез тұтанушы және нәзік матери-
алдарды, сонымен бірге ваккумдық қаптамадағы өнімдерді орналастырмаңыз.
4.19 Электр құралына үлкен мөлшердегі ыдысты, сонымен бірге өнімдердің үлкен үлестерін
орналастырмаңыз. Өнімдердің жоғарғы және бүйірлік қабырғаларына жанаспауларын
қадағалаңыз, өйткені бұл өртке әкеліп соқтыруы мүмкін. Өнімдерді тұмпапештің тікелей
қыздырғыш элементтеріне салмаңыз, ол үшін торды немесе қаңылтыр табаны қолданыңыз.
4.20 Электр құралының ішкі бөлігін әрдайым тазалықта ұстаңыз.
4.21 Ішінде дайындалып жатқан немесе дайын өнімдері бар электр құралын жылжытпаңыз.
4.22 Құралдың жұмысы кезінде қолжетімді беттердің температруасы жоғары болуы мүмкін.
Күйіп қалуларды болдырмау үшін құралдың ыстық беттеріне жанаспаңыз. Қажет болған кезде
тұтқыштарды немесе қолғаптарды қолданыңыз.
4.23 Тұмпапештің ыстық шынысына судың тиіп кетпеуін қадалаңыз, себебі бұл жағдайда шыны
жарылуы мүмкін. Құралдың есікшесін тек тұтқасынан, біркелкі және соққысыз ашыңыз және
жаппаңыз. Электр пешінің ашық есікшесіне ештеңе қоймаңыз.
4.24 Электр құралымен жеткізілмеген керек-жарақтарды қолдану қауіпті болуы және электр
құралының бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
4.25 Электр құралының тұмпапешінде жану орын алған жағдайда бағдарламаның жұмысы кезінде
оны «БАСТАУ/ДОҒАРУ» батырмасын басумен сөндіріңіз, және оны электр желісінен ажыратыңыз.
4.26 Құрал сыртқы таймерден немесе қашықтан басқарудың жеке жүйесінен жұмыс істеуге
арналмаған.
4.27 Аталған үлгі 0-ден +40°С-қа дейінгі жұмыс температураларының ауқымындағы қоңыржай
климатта және 80%-дан аспайтын ауаның салыстырмалы ылғалдылығында жұмыс істеуге
арналған.

Содержание

Похожие устройства

Скачать