Galaxy GL2612 [17/22] Бастау доғару 34 батырмасын басыңыз шағын пеш жұмыс істеуін бастайды және 10

Galaxy GL2612 [17/22] Бастау доғару 34 батырмасын басыңыз шағын пеш жұмыс істеуін бастайды және 10
18
18
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KAZ
6 ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Қаптау материалын (бар болған кезде) алып тастаңыз.
6.2. Жиынтықта жеткізілетін барлық керек-жарақтарды шығарыңыз, және оларды ыдысты жууға
арналған құралды және жұмсақ шүберекті немесе сорғыштарды қолданумен жуыңыз.
Ескерту
1. Пешті бірінші рет қолданудың алдында өндірістік шаңды және басқа да ластануларды жою үшін
оны қыздырып алу керек. Тұмпапештің іші бос екендігіне көз жеткізіңіз (өнімдермен ыдыстың,
қаңылтыр табаның (13) тордың (12), істіктің (36) немесе олардың ұстағыштарының (11, 37)
орнатылмағанына).
2. Тазалау үшін металл бұйымдарды және қажақты құралдарды қолданбаңыз, бұл жабынды
бүлдіруі мүмкін;
6.3 Барлық керек-жарақтарды құрғатып сүртіңіз;
6.4 Электр құралының ішкі және сыртқы беттерін құрғақ шүберекпен әбден сүртіңіз;
6.5 Құралды тегіс, құрғақ және орнықты бетке орнатыңыз және қуат беру баусымының (9) ашасын
желіге қосыңыз. Дыбыстық сигнал шығады. «БАСТАУ/ДОҒАРУ» (34), «ТАҢДАУ» (31), «ТАЙМЕР»
(33) және «ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАЙЫНДАУ» (28) батырмаларының индикациясы жанады;
6.6 «ТАҢДАУ» (31) батырмасын басумен «ҚЫЗДЫРУ» бағдарламасын орнатыңыз. Дисплей
(3), «ҚЫЗДЫРУ» бағдарламасының индикаторы (21) және «ҮСТІҢГІ ҚЫЗДЫРУ» (26) және
«АСТЫҢҒЫ ҚЫЗДЫРУ» (27) қыздырғыш элементтерінің жұмыс индикаторлары жанады. Дайындау
бағдарламасы жылтылдайтын болады. «ҚЫЗДЫРУ» бағдарламасы үшін әдепкі қалпы бойынша
уақыт 0:20 (сағаттар:минуттар), температура әдепкі қалпы бойынша - 220°С. құрайды;
6.7 Бағдарлама уақытын таңдаңыз. «-» (30) батырмасының көмегімен 0:10 уақытын таңдаңыз;
6.8 Қызу температурасын таңдаңыз. «УАҚЫТ/ТЕМПЕРАТУРА» (29) батырмасын басыңыз, «+» (30)
батырмасының көмегімен 230°С температурасын таңдаңыз;
6.9 «БАСТАУ/ДОҒАРУ» (34) батырмасын басыңыз. Шағын пеш жұмыс істеуін бастайды және 10
минут аяқталғаннан кейін дыбыстық сигналмен жұмыстың аяқталуы жөнінде хабарлаумен ажы-
ратылады;
6.10 Құралды суытыңыз;
6.11 Электр құралының ішкі және сыртқы беттерін құрғақ шүберекпен мұқият сүртіңіз;
6.12 Құрал қолдануға дайын.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шағын пешті бірінші рет іске қосу кезінде иіс пен түтін пайда болуы
ықтимал. Бұл қауіп төндірмейді және құралдың бұзылу белгісі болып табылмайды. Іске қосудан
кейін бірнеше минут өткен соң түтін мен иіс жоғалады.
7. ЭЛЕКТР ҚҰРАЛЫН ПАЙДАЛАНУ
7.1 Басқару панелі
Шағын пештің басқару панелі (2) сегіз батырмалардан тұрады:
- ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАЙЫНДАУ (28): «МҰЗЫН ЕРІТУ», «ПІСІРУ», «ЕТ» және «БАЛЫҚ»
бағдарламалары үшін осы батырманы басыңыз.
- УАҚЫТ/ТЕМПЕРАТУРА (29): Уақыт үшін уақытты 1 минутқа арттыру үшін «+» басыңыз,
уақытты 1 минутқа кеміту үшін «-» басыңыз. «+» ұстап басу кезінде уақыт 1 мин. қадамымен
0:30 (сағаттар:минуттар) дейін, 5 мин. 0:30 бастап артатын болады, «-» ұстап басу кезінде
уақыт 1 мин. қадамымен 0:30 бастап, 5 мин. бастап 0:30 дейін кемитін болады. • Температура
үшін – температураны 1
о
С-қа арттыру үшін «+» басыңыз, температураны 1
о
С-қа кеміту үшін «-»
басыңыз. «+» басып ұстап тұру кезінде температура 5
о
С-та қадаммен артатын болады, «-» басып
ұстау кезінде температура 5
о
С-та қадаммен кемитін болады.
- «+» және «-» (30): бағдарламаның әдепкі қалпы бойынша уақыты мен температурасын өзгерту
үшін, сонымен бірге дайындауды кейінге қалдыруды орнату үшін қолданылады.
– ТАҢДАУ (31): осы батырманы «ҮСТІҢГІ ҚЫЗДЫРУ», «АСТЫҢҒЫ ҚЫЗДЫРУ», «ҚЫЗДЫРУ» және
«ІСТІК» бағдарламаларын таңдау үшін басыңыз. - КОНВЕКЦИЯ (32): «ҮСТІҢГІ ҚЫЗДЫРУ»,
«АСТЫҢҒЫ ҚЫЗДЫРУ», «ҚЫЗДЫРУ» және «ІСТІК» бағдарламалары үшін конвекцияны іске қосу
үшін қолданылады.
- ТАЙМЕР (33): аталған батырма дайындауды кейінге қалдыру уақытын 0:01 (сағаттар:минуттар)
бастап 24:00-ге дейін қандай да болмасын бағдарламаны таңдау үшін орнатуға арналған. Әдепкі
қалпы бойынша дайындауды «КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУ» 0:10 құрайды.
– БАСТАУ/ДОҒАРУ (34): аталған бағдарламаны бағдарламаныі әрекетін бастау немесе оны доғару
үшін қолданыңыз.
7.2 Дайындау бағдарламалары
Сіздің қарамағыңызда тағамды дайындаудың әр түрлі тәсілдері үшін арналған сегіз бағдарлама
болады. Дайындау бағдарламаларының толығырақ сипаттамасы 3-ші кестеде берілген.

Содержание

Похожие устройства

Скачать