Redmond RI-C291 [27/32] I пайдалана бастау алдында

Redmond RI-C291 [27/32] I пайдалана бастау алдында
RI-C291
27
KAZ
Құрылғысы (
A1
сурет, 4 бет)
1. Қыш жабындысы табан
2.
Ыдыста судың ең үлкен деңгейінің белгісі (үтік тік тұрғанда)
3. Табан температурасын реттегіші
4. Су ыдысы
5. Индикаторы
6. Су бүріккіш тесігі
7. Су ыдысының қақпағы
8. Бу жіберу реттегіші
9. Суды шашырату түймешігі
10. Буды қарқынды жіберу түймешігі
11. Тұтқа
12. Өлшеу стақаны
13. Электр қоректену бауы
14. Өлшеу стақаны
I . ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз.
Барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырмаларды
алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш
(бар болса) және бұйымның сериялық нөмірі бар кестешені
орнында міндетті түрде сақтаңыз!
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң
аспапты қосар алдында кем дегенде 2 сағатқа бөлме тем-
пературасында ұстау керек.
Электр бауды толық жайыңыз. Аспап корпусын ылғал матамен
сүртіңіз, аспаптың барлық элементтерін электр желіге қосар
алдында мұқият кептіріңіз.
Жаңа үтіктің кейбір бөлшектеріне қорғаныс жабыны қап-
талған, сондықтан бірінші рет қосқан кезде жағымсыз иіс
пайда болуы мүмкін. Бұл құралдың жұмысына қауіпсіз және
тез кететін уақытша құбылыс.
Барлық аспаптар құрастыру желісінде сапаны бақылаудан
өтеді, жаңа үтіктің суына арналған резервуарда конденсат
болуы мүмкін – бұл қалыпты.
I I . ҮТІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Су ыдысын толтыру (
A2
сурет, 5 бет)
1. Аспап электр желіге қосылмағанына көз жеткізіңіз. Табан
қызу реттегішін MIN күйіне, бу жіберу реттегіші күйіне
ауыстырыңыз.
2. Су ыдысы қақпағын ашыңыз, үтік ұшын жоғары көтеріңіз.
Өлшеу стақаны көмегімен ыдысқа аспап корпусындағы
max белгісінен асырмай су құйыңыз.
3. Ыдыс қақпағын жабыңыз.
4. Үтікті тік қойыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Су аспап корпусының ішіне немесе электр
қоректену бауына тимеуі үшін оны кранның өзінен құймаңыз.
Құралды пайдалану кезінде су резервуарының қақпағын
ашпаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать