LG GAB419SEUL [34/56] Пайдалану

LG GAB419SEUL [34/56] Пайдалану
06
KK
Пайдалану
Құрылғыны тұрмыстық тағам сақтаудан басқа мақсатта (медициналық немесе
сараптамалық материалдарды сақтау немесе тасымалдау) қолданбаңыз.
Қатты жауын немесе найзағай кезінде немесе ұзақ уақыт қолданылмайтын болса,
тоқ көзінен ажыратыңыз.
Ашаны немесе құрылғыны басқару бөліктерін ылғал қолдармен ұстамаңыз.
Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.
Құрылғының электр бөліктеріне су кіріп кететін болса, қуат ашасын ажыратып,
LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен байланысыңыз.
Салқын ауа шығаратын аймаққа, қақпағына немесе артындағы жылу шығаратын
торына қолдарыңызды немесе металл заттарды салмаңыз.
Құрылғының артқы қақпағына шамадан тыс күш немесе ықпал қолданбаңыз.
Үй жануарлары сияқты жануарларды құрылғының ішіне салмаңыз.
Құрылғы есігін ашқан немесе жапқан кезде, жаныңызда балалар болса, абайлаңыз.
Есік балаға тиіп кетіп, зақымдауы мүмкін.
Балалардың құрылғының ішіне кіріп кету қауіпін туғызбаңыз. Құрылғы ішіне кіріп
кетсе, тұншығып қалуы мүмкін.
.
Құрылғыға ауыр немесе сынғыш заттар, сұйықтықпен толтырылған контейнерлер,
жанғыш, тұтанғыш заттар (балауыз, шамдар жəне т.б.) немесе жылыту
құрылғыларын (пештер, қыздырғыштар жəне т.б.) қоюға болмайды.
Егер газ (изобутан, пропан, табиғи газ, т.б.) шығып жатса, құрылғыны немесе қуат
ашасын ұстамаңыз жəне бөлмені дереу желдетіңіз. Бұл жабдықта газ түріндегі
хладагент (изобутан ,R600a) пайдаланылады. Пайдаланылатын газ көлемі аз
болса да, ол əлі де оңай жанғыш газ болып табылады. Жабдықты тасымалдау,
орнату немесе пайдалануда газ жылыстаған жағдайда ұшқын пайда болса, ол
өртке жарылысқа немесе жарақатқа əкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғының жанында өртке қауіпті немесе жанатын заттарды (мыс., жанармай,
алкоголь, химикаттар, сұйытылған көмірсутек газы, жанатын шашыратқыш,
құрт-құмырсқаларды жоюға арналған құрал, ауаны сергіткіш, косметика, т.б.)
қолданбаңыз немесе сақтамаңыз.
Өзге дыбыс, иіс немесе құрылғыдан түтін шығатын болса, дереу ашаны қуат
көзінен ажыратып, LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен
байланысыңыз.
Мұз дайындағыштың немесе диспенсердің суға арналған багын тек ауыз суымен
толтырыңыз.
Құрылғының ішіне электрондық құрылғыларды салмаңыз (мысалы, жылытқыш
жəне ұялы телефон).
Құрылғыны тазаламас немесе ішкі шамын ауыстырмас бұрын қуат сымын
ажыратыңыз (салынған болса).
Кез келген ылғалды жəне шаңды толығымен кетірген соң,розетка саңылауына
қуат ашасын қауіпсіз етіп жалғаңыз.
Салқындатқыш сұйықтық айналымының түтіктерін зақымдап алмаңыз.
Қызмет көрсету

Содержание

Скачать