LG GAB419SEUL [35/56] Кəдеге жарату

LG GAB419SEUL [35/56] Кəдеге жарату
07
KK
Құрылғыны тазалау үшін, оның ішкі немесе сыртқы жағына су не тұтанғыш
заттарды (тіс пастасы, спирт, еріткіш зат, бензол, жанғыш сұйықтық, жыратын зат
жəне т.б.) шашпаңыз.
Құрылғыны щеткамен, шүберектермен немесе беттері қатты губкамен немесе
металдан жасалған затпен тазаламаңыз.
Кəдеге жарату
Құрылғының ішін кептіру үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз немесе иісін кетіру
үшін ішіне шырақты қоймаңыз.
Өндіруші ұсынғаннан артық етіп, мұздату процесін үдету үшін механикалық
құрылғыларды немесе басқа заттарды қолданбаңыз.
Құрылғыны тек LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығының білікті маманы
бөлшектеу, жөндеу немесе өзгерту керек. Құрылғыны басқа орынға жылжытатын
жəне орнататын болсаңыз, LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен
байланысыңыз.
Құрылғыны тоқтан ешқашан қуат кабелінен тартып ажыратпаңыз. Əрқашан қуат
ашасын мықтап ұстап, розеткадан тіке тартып алыңыз.
Техникалық қауіпсіздік
Желдеткіш саңылауларын құрылғы корпусында немесе кірістірілген құрылғыда
кедергісіз қалдырыңыз.
Тоңазытқыштың ішінде электрлік құралдарды пайдаланбаңыз.
Құрылғыда қолданылатын суытқыш агент пен оқшаулағыш газ арнайы
процедураларға сəйкес жойылуы керек. Оларды жоймас бұрын техникалық қызмет
жасайтын мамандардан немесе тағы басқа дəрежелі мамандардан кеңес
алуыңыз жөн.
Зақым белгілері көрініп тұрған құрылғыны ешқашан іске қоспаңыз. Күмəндансаңыз,
дилеріңізбен кеңесіңіз.
Бұл құрылғы, үй жəне осыған ұқсас жағдайларда қолдануға арналған, мысалы:
-дүкендер, кеңселер жəне басқа да жүмыс орындарындағы ас бөлмелерінде
қызметкерлер қолданады;
-фермаларда, қонақ үйлерде жəне тағы да басқа тұрғын
үйлерде клиенттер қолданады;
-жатын жəне таңғы ас дайындайтын бөлмелерде;
-асханаларда жəне осыған ұқсас жерлерде бөлшек емес
жағдайда қолдануға арналған.
Құрылғыны тастаған кезде, сөрелер мен жəшіктерді орнында қалдырыңыз да, есік
тығыздауышын шығарып алып, құрылғыны балалардан алыс жерге қойыңыз.
Барлық бума материалдарын (мысалы, пластик қалталар мен пенопласт)
балалардан алысқа тастаңыз. Бума материалдары тұншықтыруы мүмкін.

Содержание

Скачать