LG GAB419SEUL [42/56] Пайдалануға қатысты ескертулер

LG GAB419SEUL [42/56] Пайдалануға қатысты ескертулер
14
KK
Пайдалануға қатысты
ескертулер
Пайдаланушылар есік толық жабылмаса, жаз
кезінде ылғалдылық жоғары болса немесе
мұздатқыш есігі жиі ашылатын болса, мұздың
түзілуі мүмкін екендігін есте сақтау
керек.
Құрылғы есігін артық күш салып ашпаңыз немесе
жаппаңыз. Есікті ашу құрылғы ішіне жылы
ауаның кіруіне мүмкіндік беріп, ішкі
температураның көтерілуін туғызуы мүмкін.
Жарық диодты лампа тек тұрмыстық жағдайда
қолдануға арналған жəне тұрмыста бөлмені
жарықтандыруға қолайлы емес.
Қуат үнемдеуге қатысты ұсыныс
Буланудың немесе қатып қалудың алдын алу
үшін ыстық тағамды салқындатып барып
салыңыз.
Тағамдарды тиімді түрде сақтау
Мұздатылған тағамды немесе қатырылған
тағамды жабық контейнерлерде сақтаңыз.
Тағамды құрылғыда сақтамас бұрын мерзімі
аяқталу күні мен жапсырмасын (сақтау
нұсқаулары) қараңыз.
Тоңазытқышта банан жəне қауын сияқты
төмен температураларда тез бұзылатын
азық-түлікті сақтамаған жөн.
Бөтелкелерді мұздақыш бөлімінде
сақтамаңыз – олар мұздаған кезде жарылуы
мүмкін.
Бұрын еріген өнімдерді тоңазытпаңыз. Бұл
дəмі мен пайдалы қасиеттерінің жоғалуына
алып келеді.
Көкөністерді газетпен орамаңыз жəне олай
сақтамаңыз. Газетте басылған материал не
басқа заттар тағамдарға жағылып қалуы
мүмкін.
Тоңазытқышта фармацевтикалық өнімдерді,
ғылыми зерттеу материалдарын жəне
температуралық режимнің қатаң орындалуын
қажет ететін басқа өнімдерді сақтамаңыз.
Есіктің толық жабылуы үшін сөреде сақталған
тағам немесе есік арасында жеткілікті бос орын
қалу керек.
Сақталған тағамдар арасында жеткілікті бос
орын болуын қамтамасыз етіңіз. Бұл ауаның
тегіс айналуына мүмкіндік береді жəне электр
энергиясын тұтыну шоттарын азайтады.
Құрылғыны шамадан тыс толтырмаңыз. Бос
орынның 70%-дан аз етіп толтырыңыз.
Құрылғы шамадан тыс толтырылған болса,
салқын ауаның дұрыс айналмауы мүмкін.
Электр қуатының үзілуі
Қуат көзіндегі 1-2 сағаттық үзіліс сақталатын
өнімдерге зиян келтірмейді. Осы уақытта
тоңазытқыш есіктерін сирек ашуға тырысыңыз.
Ең жоғарғы мұздату көлемі
Жылдам мұздату функциясы мұздатқышта
жылдам мұздату көлеміне мүмкіндік береді.
Əдетте бұған 7 сағат жұмсалады, дегенмен ол
берілген уақыттан кейін автоматты түрде
өшіріледі жəне оны берілген уақытта қолмен
өшіруге де болады.
Ауа айналымының жақсырақ нəтижесін алу
үшін, жəшіктер, тартпалар жəне сөрелер сияқты
барлық ішкі бөліктерін салыңыз.
Тоңазытқыш жұмысының
ерекшел
іктері
Тоңазытқыш құрамдас бөліктерінің
температуралық деформацияларының
нəтижесінде, шыртылдау естілуі мүмкін.
Терморегулятор жəне компрессордың өшуіне
тəн дыбыстар құрылғы электр жабдығының
жұмысы барысында пайда болатын қалыпты
дыбыстар болып табылады. Салқындату
жүйесінің ішінде айналып таралатын хладагент,
компрессор жұмыс істемесе де бүлкілдеуі
мүмкін. Алаң болмаңыз, бұл қалыпты жағдай.
Тоңазытқыштың жұмысы барысында келесілер
естілуі мүмкін:
- компрессор жұмысының дыбысы;
- желдеткіш қанатшаларының дыбысы;
- NO FROST ауа салқындату жүйесі
ағынының дыбысы;
- реленің қосылу дыбысы;
- ауа желісінің ашылу жəне жабылу
кезіндегі ызыл.
- тоңазытқыш жүйесінің құбырлары
бойынша айналатын хладагент шуылы;
- материалдардың температуралық
деформациясы кезіндегі шыртылдау.
Аталған дыбыстардың ақауға қатысы жоқ
жəне олар функционалды сипатқа ие.
Тоңазытқыштың артқы қабырғасындағы, суық
ауамен қамтамасыз ету үшін арналған
тесіктерін жаппаңыз. Ауаның еркін айналымы
камераның көлемі бойынша біркелкі
температураны ұстап тұруға мүмкіндік береді.
Тесікке жақын орналасқан азық-түлік төмен
ауа температурасының əсерінен бұзылуы
болуы мүмкін.

Содержание

Скачать