Philips SCD470 [42/104] Қауіпті

Philips SCD470 [42/104] Қауіпті
42

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips AVENT компаниясына қош келдіңіз!
Philips AVENT ұсынатын қолдауды толығымен қолдану үшін өніміңізді www.philips.com/welcome
сайтында тіркеңіз.
Philips AVENT компаниясы ата-аналарға қажетті сенімділік беретін ұқыпты әрі сенімді өнімдер
жасауға барынша тырысады. Бұл Philips AVENT нәресте мониторы нәрестеңізбен тұрақты
байланыста болуыңызға мүмкіндік береді. 2 арнаны таңдау кедергіні азайтып, үйіңіздің ішінде
және айналасында сигналдарды сенімді қабылдауды қамтамасыз етеді.

Нәресте бөлігі
Сөйлету түймесі
Тоққа қосылулы деген жарық
Хабарлау көрсеткіші
Кішкене шанышқыға арналған розетка
Микрофон
Батарея орнының қақпағы
Арна таңдау түймесі
Қосу/өшіру түймесі
Адаптер
Ата-аналар бөлігі
Адаптер
Тоққа қосылулы деген жарық
Кішкене шанышқыға арналған розетка
Дауысын бақылауға болатын қосу/өшіру түймесі
Дауыс зорайтқыш
Батарея орнының қақпағы
Белдік қыстырғышы
Арна таңдау түймесі
Батарея орны қақпағының ысырмасы

Құрылғыны қолданар алдында, осы нұсқауды ықыласпен оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдану
үшін сақтап қойыңыз.

- Нәресте мониторының ешқандай бөлігін суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға
болмайды.

- Құрылғыны қосар алдында нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігіндегі адаптерлерде
көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Нәресте бөлігі мен ата-аналар бөлігін ток көзіне қосу үшін жинақта берілген адаптерлерді
ғана қолданыңыз.
- Адаптерлерде трансформатор болады. Қауіпті жағдай туғызатындықтан, адаптерлерді
кесіп алып тастап, басқа ашалармен алмастырмаңыз.
- Егер адаптерлер бүлінген болса, қауіпті жағдайдың тууына жол бермеу үшін оларды
түпнұсқа түрімен алмастырыңыз. Дұрыс түрін табу үшін «Алмастыру» тармағын қараңыз.
- Нәресте мониторын дымқыл немесе суға жақын жерге қоймаңыз.
- Электр тогының соғуына жол бермеу үшін батареялар бөлімінен басқа, нәресте бөлігі мен
ата-аналар бөлігінің корпусын ашпаңыз.


Содержание

Скачать