LG H930DS V30+ [408/896] Негізгі функциялар 52

LG H930DS V30+ [408/896] Негізгі функциялар 52
Негізгі функциялар 52
Экран суретін түсіру үшін дыбыс деңгейін азайту (-) пернесі мен
қуат/құлып пернесін бір уақытта басып тұрыңыз.
Жақындықты анықтау/сыртқы жарық датчигі
- Жақындықты анықтау датчигі: Қоңырау барысында құрылғы адам
денесіне жақындаған кезде жақындық анықтайтын датчик экранды
және түрту функциясын өшіреді. Құрылғы белгілі бір аумақтан тыс
жатқанда ол экранды қайта қосып, түрту функциясын қайта қосады.
- Сыртқы жарық датчигі: Сыртқы жарық датчигі автоматты жарықты
бақылау режимі қосылып тұрған кезде сыртқы жарықты талдайды.
Лазерлік анықтау автофокусы
- Автоматты түрде фокустау үшін камера мен нысан арасындағы
қашықтықты анықтайды.
- Суретке түсіру үшін артқы камераны пайдаланғанда жақын немесе
алыс орналасқан нысандардың фокусын жылдам орнатады.
Дыбыс деңгейін реттеу пернелері
- Рингтондар, қоңыраулар немесе хабарландырулар дыбысының
деңгейін реттеңіз.
- Камераны пайдалану кезінде, суретке түсіру үшін дыбыс деңгейі
пернесін ақырын басыңыз. Үздіксіз суреттер түсіру үшін, дыбыс
деңгейі пернесін басып ұстап тұрыңыз.
- Экран құлыпталғанда немесе өшірілген кезде, Камера қолданбасын
іске қосу үшін, төмен дыбыс деңгейі (-) пернесін екі рет басыңыз.
Түсіру+ қолданбасын іске қосу үшін жоғары дыбыс деңгейі (+)
пернесін екі рет басыңыз.
Қуат/құлып пернесі (Саусақ ізі сенсоры)
- Экранды қосқыңыз немесе өшіргіңіз келген жағдайда пернені
қысқаша басыңыз.
- Қосу/өшіру опциясын таңдағыңыз келген жағдайда пернені басып
тұрыңыз.
- Экран құлпын ашу процесін жеңілдету үшін, саусақ іздерін тану
мүмкіндігін қосыңыз. Толық мәліметтерді
Саусақ ізін тану бөліміне
шолу
бөлімінен қараңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать