Stihl AL 500 [200/276] Сақтандыру

Stihl AL 500 [200/276] Сақтандыру
0458-511-9921-C
198
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
STIHL AL 300 және AL 500 қуаттағыштары STIHL AK, AP
және AR аккумуляторларын қуаттау үшін арналған.
Сақтандыру
STIHL тарапынан мақұлданбаған қуаттағыштар мен
аккумуляторлар өрт және жарылыс себебі болуы
мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы немесе қайтыс
болуы және оларға материалдық нұқсан келтірілуі
мүмкін.
STIHL AL 101 қуаттағышымен
STIHL AK және AP аккумуляторлары
қуатталады.
STIHL AL 300 немесе AL 500
қуаттағыштарымен STIHL AK, AP және
AR аккумуляторлары қуатталады.
Егер қуаттағыш мақсаты бойынша қолданылмаса,
адамдардың зардап шегуі немесе өлтірілуі, сондай-ақ
оларға материалдық зиян келтірілуі мүмкін.
Қуаттағышты осы пайдалану нұсқаулығында
сипатталғандай қолданыңыз.
4.3 Пайдаланушыларға қойылатын талаптар
Сақтандыру
Үйретілмеген пайдаланушылар қуаттағыштың
қауіптілігін түсінбеуі және оған мән бермеуі мүмкін.
Пайдаланушы және басқа да адамдар ауыр жарақат
алуы немесе қайтыс болуы мүмкін.
Егер қуаттағыш басқа тұлғаға берілсе: Сонымен
қатар пайдалану нұсқаулығы қоса беріледі.
Пайдаланушы келесі талаптарды
қанағаттандыратынына көз жеткізіңіз:
Пайдаланушы қуаттағышты
пайдалану және онымен жұмыс істеу
үшін физикалық, тактильдік және
психикалық жақтан сау болып
табылады. Егер пайдаланушының
физикалық қабілеті, дене түйсігі
арқылы сезіну қабілеті немесе ақыл-
ой қабілеті шектеулі болса, онда
пайдаланушы, жауапты тұлғаның
бақылауымен немесе нұсқауларымен
ғана жұмыс істей алады.
Кәмелетке жеткен пайдаланушы.
Пайдаланушы қуаттағышты бірінші
рет пайдаланудың алдында STIHL
мамандандырылған дилеріне немесе
құзыретті тұлғаға барып, білім алды.
Пайдаланушы алкоголь, дәрі-дәрмек немесе
есірткі әсерінде емес.
Кез келген күмән туындаған жағдайда: STIHL
мамандандырылған дилеріне жүгініңіз.
4.4 Жұмыс кеңістігі және қоршаған орта
Сақтандыру
Балалар қуаттағыш пен электр тогының қауіптілігін
түсінбеуі және оған мән бермеуі мүмкін. Балалар ауыр
жарақат алуы немесе қайтыс болуы мүмкін.
Балаларды жолатпаңыз.
Қуаттағыш су өткізбейді. Жауын-шашын кезінде
немесе ылғал ортада жұмыс жасау электр тогына
соғылуға әкеліп соғуы мүмкін. Пайдаланушы
айтарлықтай жарақат алуы мүмкін және қуаттағыштың
зақымдалуы мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз,
түсініңіз және сақтап қойыңыз.

Содержание

Скачать