Stihl AL 500 [201/276] Сақтандыру

Stihl AL 500 [201/276] Сақтандыру
0458-511-9921-C
199
қазақ
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
Қуаттағыш қоршаған ортаның әсерінен қорғалмаған.
Егер қуаттағыш қоршаған ортаның белгіленген
әсерлеріне ұшырайтын болса, қуаттағыш тұтануы
немесе жарылуы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
және оларға материалдық нұқсан келтірілуі мүмкін.
Қуаттағышты жабық әрі құрғақ орынжайда
қолданыңыз
Қуаттағышты жеңіл тұтанатын және жарылу қаупі
бар орталарда қолданбау керек.
Қуаттағышты жеңіл тұтанатын бетте
пайдаланбаңыз.
+5°C және + 40°C температурасының аумағында
қуаттағышы орнатыңыз және сақтаңыз.
Адамдар біріктіруші сымға сүрініп кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы, ал қуаттағыш – бұзылуы
мүмкін.
Біріктіруші сымды еденге тегіс күйде жатқызыңыз.
4.5 Қауіпсіз күй
Егер келесі шарттар сақталса, қуаттағыш қауіпсіз күйде
болады:
Қуаттағыш жарамды.
Қуаттағыш құрғақ және таза.
Сақтандыру
Қауіпсіз емес күйде толықтырушы бөлшектер дұрыс
жұмыс істемеуі және қауіпсіздік қондырғысының күші
әрекет етпеуі мүмкін. Адамдар ауыр жарақат алуы
немесе қайтыс болуы мүмкін.
Жарамды қуаттаағышын қолданыңыз.
Егер қуаттағыш кір немесе ылғалды болса:
Қуаттағышты тазартыңыз және кептіріңіз.
Қуаттағышты өзгертпеңіз.
Заттарды қуаттағыштың тесіктеріне тықпаңыз.
Қуаттағыштың электрлік түйіспелерін
металл заттармен қоспаңыз және
тұйықтамаңыз.
Қуаттағышты ашпаңыз.
4.6 Қуаттау
Сақтандыру
Ток өткізгіш толықтырушы бөлшектермен жанасу келесі
себептерге байланысты болуы мүмкін:
Біріктіруші сым бұзылған.
Штепсельді айыр бұзылған.
Розетка дұрыс орнатылмаған.
Ток өткізгіш толықтырушы бөлшектермен жанасу ток
соғу қаупінің себебі болуы мүмкін. Пайдаланушы ауыр
жарақат алуы немесе қайтыс болуы мүмкін.
Біріктіруші сым мен штепсельді айырдың
бұзылмағанына көз жеткізіңіз.
Штепсельді айырды дұрыс орнатылған розеткаға
салыңыз.
Жаңбырлы күні және ылғалды ортада
жұмыс істемеңіз.

Содержание

Скачать