LG GC-B247SMDC Руководство по эксплуатации онлайн [46/124] 781566

LG GC-B247SMDC Руководство по эксплуатации онлайн [46/124] 781566
6
KK
Үй жануарлары сияқты жануарларды құрылғының ішіне
салмаңыз.
Құрылғы есігін ашқан немесе жапқан кезде, жаныңызда балалар
болса, абайлаңыз. Есік балаға тиіп кетіп, зақымдауы мүмкін.
Балалардың құрылғының ішіне кіріп кету қауіпін туғызбаңыз.
Құрылғы ішіне кіріп кетсе, тұншығып қалуы мүмкін.
Құрылғыға ауыр немесе сынғыш заттар, сұйықтықпен
толтырылған контейнерлер, жанғыш, тұтанғыш заттар (балауыз,
шамдар және т.б.) немесе жылыту құрылғыларын (пештер,
қыздырғыштар және т.б.) қоюға болмайды.
Егер газ (изобутан, пропан, табиғи газ, т.б.) шығып жатса,
құрылғыны немесе қуат ашасын ұстамаңыз және бөлмені дереу
желдетіңіз. Бұл жабдықта газ түріндегі хладагент (изобутан
,R600a) пайдаланылады. Пайдаланылатын газ көлемі аз болса
да, ол әлі де оңай жанғыш газ болып табылады. Жабдықты
тасымалдау, орнату немесе пайдалануда газ жылыстаған
жағдайда ұшқын пайда болса, ол өртке жарылысқа немесе
жарақатқа әкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғының жанында өртке қауіпті немесе жанатын заттарды
(мыс., жанармай, шарап, химикаттар, сұйытылған көмірсутек
газы, жанатын шашыратқыш, құрт-құмырсқаларды жоюға
арналған құрал, ауаны сергіткіш, косметика, т.б.) қолданбаңыз
немесе сақтамаңыз.
Өзге дыбыс, иіс немесе құрылғыдан түтін шығатын болса, дереу
ашаны қуат көзінен ажыратып, LG Electronics тұтынушыларды
қолдау орталығымен байланысыңыз.
Мұз дайындағыштың немесе диспенсердің суға арналған багын
тек ауыз суымен толтырыңыз.
Салқындатқыш сұйықтық айналымының түтіктерін зақымдап
алмаңыз.
Құрылғының ішіне электрондық құрылғыларды салмаңыз
(мысалы, жылытқыш және ұялы телефон).

Содержание

Скачать