LG GC-B247SMDC [67/124] Instaview функциясы

LG GC-B247SMDC [67/124] Instaview функциясы
27
KK
Балғын көкөніс тартпасы*
Иінтіректі екі бағытқа сырғыту арқылы көкөніс
контейнер тартпасындағы ылғалдықты
басқаруға болады.
Егер сол жаққа жылжытсаңыз, ауа бағыттағышы
ашылады және тартпадағы ылғалдылықты
азайту үшін ауа тартпаның ішінде айналады.
Егер оң жаққа жылжытсаңыз, ауа бағыттағышы
жабылады және тартпадағы ылғалдылық
сақталатын болады.
Көкөністерді ауа бағыттағышының жабық
күйінде сақтаған дұрыс, ал жеміс-жидекті ашық
күйінде сақтаған абзал.
ЕСКЕРТПЕ
* бұл мүмкіндіктің сатып алынған модельге
байланысты әртүрлі болатындығын білдіреді.
InstaView функциясы*
Қосымша есіктегі InstaView функциясы
тоңазытқыштың есігін ашпастан сусындар
мен жеңіл тамақтар сияқты жиі қолданылатын
тағамдардың қаншалықты қалғанын көруге
мүмкіндік береді.
1
Қосымша есіктің ішіндегі жарық диодының
шамын қосып, өшіру үшін әйнекті екі рет
қағыңыз.
2
Он секундтан кейін жарық диодты шам
автоматты түрде өшеді.
Тоңазытқыштың оң жақ есігі мен
мұздатқыштың сол жақ есігі ашық тұрғанда,
есік жабылған соң екі минуттан кейін және
мұз диспенсері қолданылып жатқанда
қосымша есіктегі InstaView функциясы өшеді.
Әйнектің орталық аймағын қағыңыз. Әйнектің
шеткі жақтарын қақсаңыз, қосымша есіктегі
InstaView функциясы дұрыс жұмыс істемеуі
мүмкін.
Әйнекті қаққанда, дыбыс шығатындай
қағыңыз.
Тоңазытқыштың жанында қатты дыбыс
шығатын болса, қосымша есіктегі InstaView
функциясы іске қосылуы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ
* бұл мүмкіндіктің сатып алынған модельге
байланысты әртүрлі болатындығын білдіреді.
Басқа функциялар
Есік ашық дабылы
Егер есік (тоңазытқыштың, мұздатқыштың,
қосымша есіктің) бір минут бойы ашық қалса
немесе дұрыс жабылмаса, арасы 30 секундтық
3 рет дыбыстық сигнал беріледі.
дыбыс сигналы есікті жапқаннан кейін де
естілсе, LG Electronics тұтынушыларына
арналған ақпараттық орталыққа
хабарласыңыз.
Ақаулықты анықтау
Құрылғы пайдалану кезінде ақаулықтарды
автоматты түрде анықтай алады.
Ақаулық туындаса, құрылғы жұмыс істемейді
және түйме басылғаннан кейін де қате коды
көрсетіледі.
Осындай жағдай туындайтын болса,
тоқтан ажыратпай, дереу LG Electronics
тұтынушыларды қолдау орталығымен
байланысыңыз. Тоқтан ажырататын
болсаңыз, LG Electronics тұтынушыларды
қолдау орталығының маманына ақаулықты
табу қиынға соғуы мүмкін.

Содержание

Скачать