LG GC-B247SMDC [71/124] Қызмет көрсету

LG GC-B247SMDC [71/124] Қызмет көрсету
31
KK
Қызмет көрсету
Тазалау бойынша
ескертпелер
Құрылғының ішінен сөрені немесе тартпаны
алған кезде, жарақаттанудың немесе
құрылғыны зақымдаудың алдын алу үшін,
сөреден немесе тартпадан барлық сақталған
тағамдарды алыңыз.
Әйтпесе, сақталған тағамдардың
салмағына байланысты жарақат алуыңыз
мүмкін.
Құрылғының сыртқы ауа желдеткіштерін
шаңсорғышпен тазаласаңыз, электрондық
бөліктеріне зақым келтіретін немесе электр
тоғы соғу қаупін туғызатын статикалық
зарядтың алдын алу үшін қуат сымын тоқтан
ажырату керек.
Сөрелері мен тартпаларын шығарып алып,
оларды сумен тазалаңыз да, қайта салмас
бұрын мұқият кептіріп алыңыз.
Есік тығыздауыштарын жиі ылғал жұмсақ
сүлгімен сүртіп тұрыңыз.
Есік жәшіктеріндегі төгілген заттар мен
іздерді тазалап тұру керек, себебі олар
жәшіктің сақтау мүмкіндігін нашарлатады
және тіптен зақымдауы да мүмкін.
Тазалап болған соң, қуат сымы
зақымдалмағанын, қызып кетпегенін немесе
дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Құрылғының сыртқы жағындағы ауа
желдеткіштерін салқын күйде ұстаңыз.
Ауа желдеткіштерінің бітелуі өрт туғызуы
немесе құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Боялған сыртқы металл беттерін балауыздау
тот басудан қорғайды. Пластик бөліктерін
балауыздамаңыз. Боялған металл беттеріне
кемінде жылына екі рет жабдық балауызын
(немесе балауыз пастасы) жағыңыз.
Балауызды таза, жұмсақ шүберекпен
жағыңыз.
Жабдықтың ішін не сыртын қатты қылшақпен,
тіс қылшағымен немесе тұтанғыш
материалдармен тазаламаңыз. Құрамында
тұтанғыш заттар бар тазалау құралдарын
пайдалануға болмайды.
Бұл жабдықтың түссізденуіне әкелуі мүмкін
немесе оны зақымдауы мүмкін.
Тұтанғыш заттар: спирт (этанол, метанол,
изопропил спирті, изобутил спирті, және
т.б.), сұйылтқыш, ағартқыш, бензол,
тұтанғыш сұйықтық, қажағыш материал
және т.б.
Жабдықтың сырт жағы үшін таза губка
немесе жұмсақ шүберек пен жылы судағы
жұмсақ химиялық тазартқыш құралды
пайдаланыңыз. Жыратын немесе өткір
тазартқыштарды пайдаланбаңыз. Жұмсақ
шүберекпен мұқият құрғатып сүртіңіз.
Сөрелерді немесе контейнерлерді ешқашан
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Қызып кетуге байланысты бөліктерінің
пішімі бүлінуі мүмкін.
Жабдықта жарық диодты шам орнатылған
болса, оны жөндеу немесе қызмет көрсету
үшін шамның қақпағын және жарық диодты
шамды алмаңыз. LG Electronics тұтынушыға
ақпарат беру орталығына хабарласыңыз.
Конденсатордың
қақпағын тазалау
Конденсатордың қақпағын және желдету
саңылауларын шаңсорғышпен және
щеткамен тазалаңыз. Конденсатордың ирек
түтігін жауып тұрған панельді алмаңыз.

Содержание

Скачать