LG GC-B247SMDC [64/124] Мұз генераторы

LG GC-B247SMDC [64/124] Мұз генераторы
24
KK
Мұз генераторы*
Бұл жерде мұз қолмен дайындалып, сақталады.
Мұз дайындау
<1-түрі>
1
Мұзға арналған қалыпты тұтқасынан ұстап
тұрып, тартыңыз.
2
Барлық текшелері тең толатындай, мұзға
арналған қалыпты сумен толтырыңыз.
3
Суды еденге төгіп алмай, мұзға арналған
қалыпты өзінің орнына абайлап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ
Сумен толтырғаннан кейін мұзға арналған
қалыпты кіргізген кезде, суды төгіп алмауға
тырысыңыз.
<2-түрі>
Барлық текшелері тең толатындай, мұзға
арналған қалыпты сумен толтырыңыз және оны
мұздатқыш камерасына орналастырыңыз.
Мұзды шығарып алу
<1-түрі>
1
Мұз дайындағыштағы мұзды бөлу тұтқасын
сағат тілі бағытымен айналдырыңыз.
2
Мұз сақтайтын тартпаны сәл көтеріңіз де,
шығарып алыңыз.
<2-түрі>
Мұзға арналған қалыптың екі жақ шетінен ұстап,
сыртқа қарай ақырын ғана бүгіңіз.
ЕСКЕРТУ
Егер мұздатқыш есігін жиі ашып-жапсаңыз, су
ұзақ қатуы мүмкін.
Суды қатыруға кететін уақыт маусымға қарай
әртүрлі болуы мүмкін. Алғаш орнатылғаннан
бастап 24 сағатқа дейін құрылғының ішіндегі
температура тұрақталмай, су ұзақ қатуы
мүмкін.
Мұзды шығарған кезде өте мұқият болыңыз,
себебі оның жиектері өткір болуы мүмкін.

Содержание

Скачать