Bosch GHO 6500H [131/205] Жонғы пышағын шешу g h суреттерін қараңыз

Bosch GHO 6500H [131/205] Жонғы пышағын шешу g h суреттерін қараңыз
Қазақ | 131
Жонғы пышағының биіктігін реттеу үшін реттеу
шаблоны(19) (керек-жарақ) қолданылады. Жонғы
пышағын(15) және қапсырманы(16) реттеу шаблонына
қойыңыз. Бұл ретте қапсырманың(16) арнайы ойыққа
кіргеніне көз жеткізіңіз. Жонғы пышағын(15) тірелгенше
басып, қапсырманы(16) осы күйде бекіткіш
бұрандамен(17) бекітіңіз. Осылайша қажетті биіктік
автоматты түрде дәлдеп реттеледі.
Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында (8)
орнатылып туралануы керек. Содан кейін 3 бекіткіш
бұранданы (11) жұлдызшалы кілтпен (10) тартыңыз.
Бұрандама қысқышта (12) көрсетілген тарту реттілігін
(①②③) сақтаңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіткіш
бұрандалардың (11) берік бекітілгенін тексеріңіз. Пышақ
бастиегін (13) қолмен бұрап, жонғы пышағының еш
жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
HM/TC жонғы пышағын алмастыру
u Жонғы пышағын алмастыруда абай болыңыз.
Жонғы пышағын кесу қырынан ұстамаңыз. Кесу
қыры өткір болып жарақаттауы мүмкін.
Тек тұпнұсқа Bosch жонғы пышағын пайдаланыңыз.
Жонғы пышағы қатты металдан (HM/TC) жасалған, 2 жүзі
бар, бұралуы мүмкін. Кескіш жиектердің екеуі де дөкір
болса, жонғы пышағын(20) алмастыру қажет. HM/TC
жонғы пышағын қайрауға болмайды.
Жонғы пышағын шешу (G–H суреттерін қараңыз)
Жонғы пышағын ауыстыру немесе алмастыру үшін
пышақ бастиегін (13) бұрандама қысқыш (12) жонғы
табандығына (8) параллель тұрғанша бұраңыз.
3 бекіткіш бұранданы (11) алты қырлы дөңгбек кілтпен
(10) шам. 1–2 айналымға босатыңыз. Бұрандама
қысқышты (12) шешуге болмайды.
Пышақ бастиегін аздап бұрап, ағаш таяқшамен жонғы
пышағын (20) пышақ бастиегінен (13) шетке
шығарыңыз.
Пышақ бастиегін 180° шамасына бұрап, 2-ші жонғы
пышағын шешіңіз.
Жонғы пышағын орнату (I–J суреттерін қараңыз)
Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру
немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.
Қажет болса, пышақ бастиегіндегі (13) пышақ орнын
және жонғы пышағын (20) тазалаңыз.
Жонғы пышағын орнату кезінде оның пышақ бастиегінің
(13) қысқышында кедергісіз тұрғанына көз жеткізіңіз.
Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында (8)
орнатылып туралануы керек. Содан кейін 3 бекіткіш
бұранданы (11) жұлдызшалы кілтпен (10) тартыңыз.
Бұрандама қысқышта (12) көрсетілген тарту реттілігін
(①②③) сақтаңыз.
Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіткіш
бұрандалардың (11) берік бекітілгенін тексеріңіз. Пышақ
бастиегін (13) қолмен бұрап, жонғы пышағының еш
жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Қайта жабдықтау жинақтарын пайдалану
HSS-тен HM/TC-ке қайта жабдықтау
HM/TC адаптерінің көмегімен HSS жонғы пышағымен
жабдықталған жонғыны HM/TC жонғы пышағына
ауыстыруға болады.
3 бекіткіш бұранданы (11) жұлдызшалы кілтпен (10)
бұрап шығарып, бұрандама қысқышты (12) алып
тастаңыз.
Қапсырманы (16) жонғы пышағымен (15) бірге
пышақ бастиегінен (13) немесе бағыттауыш ойықтан
(14) шығарыңыз.
Бұрандаларды (17) алып тастаңыз.
Қапсырманы (16) және адаптерді (34) реттеу
шаблонына (19) енгізіңіз. Қапсырма (16) реттеу
шаблонының ойығына кіріп қалуы қажет (R суретін
қараңыз).
HM/TC жонғы пышағын (20) бүйірінен адаптер (34)
ішіне кіргізіңіз. Бұл ретте адаптердегі (34) істік HM/TC
жонғы пышағындағы ойықпен жанасуы тиіс (R суретін
қараңыз).
Бұрандаларды (17) тартыңыз.
Қапсырманы (16) адаптермен (34) және жонғы
пышағымен (15) бірге пышақ бастиегіне (13) немесе
бағыттауыш ойыққа (14) орналастырыңыз.
Бұрандама қысқышты (12) орнатып, бекіткіш
бұрандаларды (11) бос етіп бұраңыз.
Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында (8)
орнатылып туралануы керек. Содан кейін 3 бекіткіш
бұранданы (11) жұлдызшалы кілтпен (10) тартыңыз.
Бұрандама қысқышта (12) көрсетілген тарту реттілігін
(①②③) сақтаңыз.
HM/TC-ден HSS-ке қайта жабдықтау
HM/TC жонғы пышақтарымен жабдықталған жонғыны
HSS жонғы пышағына қайта жабдықтауға болады.
3 бекіткіш бұранданы (11) жұлдызшалы кілтпен (10)
бұрап шығарып, бұрандама қысқышты (12) алып
тастаңыз.
Қапсырманы (16) жонғы пышағымен (15) немесе HM/
TC адаптерімен (34) бірге пышақ бастиегінен (13)
шығарыңыз.
Бұрандаларды (17) алып тастаңыз.
Құрастырылған HSS жонғы пышағын орнатыңыз
(қараңыз „Жонғы пышағын монтаждау (E
Fсуреттерінқараңыз)“, Бет130) және оны жонғы
табандығының ортасында (8) туралаңыз.
Бұрандама қысқышты (12) орнатып, 3 бекіткіш
бұранданы (11) жұлдызшалы кілтпен (10) тартып
қойыңыз. Бұрандама қысқышта (12) көрсетілген тарту
реттілігін (①②③) сақтаңыз.
Шаңды/жоңқаны сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
Bosch Power Tools 1 609 92A 4LE | (25.03.2021)

Содержание

Похожие устройства

Скачать