Haier HOX-FP5AGG Graphite [39/58] Құрылғының жұмысы

Haier HOX-FP5AGG Graphite [39/58] Құрылғының жұмысы
11
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Пісіру ұзақтығы мен аяқталу уақытын бағдарламалау режимі
Пісіру уақытын баптау аяқталғаннан кейін, пісіру процесінің аяқталу уақытын орнату
үшін реттегішті басыңыз,
таңба жыпылықтайды. Баптау аяқталғаннан кейін келесі
мəнді енгізу жəне алдыңғы баптауларды растау үшін реттеушіні басыңыз немесе
барлық баптауларды растау үшін
батырмасын басыңыз.
Ас əзірлеу ұзақтығы мен аяқталу уақытын бағдарламау аяқталған соң дисплейге
тұмашпештің жұмысы бітетін уақыт шығады. Белгіленген уақыт мəні аяқталған соң
тұмшапеш дəл ас əзірлеу ұзақтығын ғана бағдарламалау режиміндегідей жұмыс істей
бастайды.
Мысалы: сағат 12:00 көрсетеді, пісіру ұзақтығы 30 минутқа орнатылады. Пісірудің
аяқталу уақытын 14:00-ге орнатқаннан кейін автоматты режим қосылады жəне
таймерде пісірудің аяқталу уақыты 14:00 көрсетіледі жəне уақытты орнату батырмасы
жанып тұрады. 13:30-да тұмшапеш жұмысын бастайды.
Абай болыңыз!
Кулинарлық өңдеудің аяқталу уақыты: ағымдағы уақыт < пісірудің аяқталу
уақыты<ағымдағы уақыт+24 сағат.
Пісіру уақытының аяқталуы = ағымдағы уақыт + пісіру уақыты + күту уақыты.
Күту режимінде тұмшашкафты жарықтандыру өшірулі. Ас əзірлеу басталған соң жарық
қосылады да, 1 минуттан кейін сөнеді.
Температура мен уақытты баптау
Тұмшапештің жұмыс режимін таңдаңыз. Егер белгіленген режимдегі температура
мен жұмыс уақытын өзгерткіңіз келсе, жұмыс бастар алдында
жəне батырмасын
басыңыз (Баптауды айналдыру үшін реттегішті басыңыз).
1. Ас əзірлеу режимін таңдаған соң дисплейге əдеттегі температура мəні шығады.
Температура батырмасын басыңыз, температура таңбасы жыпылықтай бастайды.
Реттегішті айналдыру арқылы өзіңіз қалаған температураны орнатыңыз. Баптау
аяқталған соң, таңдауды растау үшін реттегішті немесе қосу батырмасын басыңыз.
2. Таймердің сенсорлы батырмасы жұмыс ұзақтығы мен оның аяқталу уақытын
біртіндеп қосады, дисплей əдеттегі аяқталу уақытын көрсетіп, жыпылықтайды.
Реттегіштің көмегімен қажетті жұмыс уақытын орнатыңыз. Баптау аяқталған соң
дегенді басыңыз, тұмшапеш жаңадан орнатылған ас əзірлеу режиміне өтеді.
3. Егер жұмыс уақытын немесе температураны жұмыс кезінде қосу қажет болса,
алдымен
батырмасын басып, содан кейін қалаған уақыт пен температураны жоғарыда
көрсетілгендей белгілеуге болады. “Пуск-пауза” батырмасын басып, бапатуды аяқтаңыз.
Тұмшапеш жұмыс режимін жаңа баптау параметрлеріне сəйкес өзгертеді.
Таймерді орнату
1. Таймерді орнату үшін, басыңыз. Қажетті мəнді беру үшін, реттегішті
айналдырыңыз. Таңдалған мəнді растау үшін, индикатор
жыпылықтауды тоқтатып,
қалыпты жарықтылықпен жануды күтіңіз, содан кейін таймер кері санақты бастайды.
2. Таймердің жұмыс уақыты аяқталған соң, 90 секундқа созылатын дыбыстық сигнал
естіледі. Дыбысты өшіру үшін кез келген түймені басыңыз. Дыбыстық сигнал 90
секундтан кейін автоматты түрде өшеді жəне ятқыш белгішесі сөнеді.
3. Таймерді іске қосқан соң, оны тоқтату қажет болса, “0:00” уақыт мəнін орнату керек.

Содержание

Похожие устройства