Haier HOX-FP3ABX Black [38/56] Құрылғының жұмысы

Haier HOX-FP3ABX Black [38/56] Құрылғының жұмысы
10
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Пісіру ұзақтығы мен аяқталу уақытын бағдарламалау режимі
Пісіру уақытын орнатуды аяқтағаннан кейін пісірудің аяқталу уақытын орнату үшін « »
түймесін басыңыз, « » таңбасы жыпылықтайды. Қажет мəнді таңдау үшін «+» жəне
«–» түймелерін пайдаланыңыз. Параметрді аяқтағаннан кейін келесі мəнді енгізу жəне
алдыңғы параметрлерді растау үшін «
» түймесін басыңыз немесе барлық параметрлерді
растау үшін «Бастау» түймесін басыңыз.
Ас əзірлеу ұзақтығы мен аяқталу уақытын бағдарламау аяқталған соң дисплейге
тұмашпештің жұмысы бітетін уақыт шығады. Белгіленген уақыт мəні аяқталған соң
тұмшапеш дəл ас əзірлеу ұзақтығын ғана бағдарламалау режиміндегідей жұмыс істей
бастайды.
Мысалы: сағат 12:00 көрсетеді, пісіру ұзақтығы 30 минутқа орнатылады. Пісірудің аяқталу
уақытын 14:00-ге орнатқаннан кейін автоматты режим қосылады жəне таймерде пісірудің
аяқталу уақыты 14:00 көрсетіледі жəне уақытты орнату батырмасы жанып тұрады. 13:30-
да тұмшапеш жұмысын бастайды.
Абай болыңыз!
Кулинарлық өңдеудің аяқталу уақыты: ағымдағы уақыт < пісірудің аяқталу
уақыты<ағымдағы уақыт+24 сағат.
Пісіру уақытының аяқталуы = ағымдағы уақыт + пісіру уақыты + күту уақыты.
Күту режимінде тұмшашкафты жарықтандыру өшірулі. Ас əзірлеу басталған соң жарық
қосылады да, 1 минуттан кейін сөнеді.
Температура мен уақытты баптау
Пештің жұмыс режимін таңдаңыз. Жұмысты бастамас бұрын температураны өзгерткіңіз
келсе жəне уақытты орнатқыңыз келсе, « » түймесін басыңыз.
1. Пісіру режимін таңдағаннан кейін дисплейде əдепкі температура көрсетіледі.
Температура түймесін басыңыз, температура белгішесі жыпылықтайды. «+» жəне «–»
түймелерінің көмегімен қажетті температураны орнатыңыз. Параметрді аяқтағаннан кейін
таңдауды растау үшін «
» түймесін басыңыз.
2. Жұмыс кезінде жұмыс уақытын немесе температураны өзгерту қажет болса, алдымен
«
» түймесін басу керек, содан кейін жоғарыдағыдай қажетті уақыт пен температураны
орнату керек. « » түймесін басу арқылы параметрді аяқтаңыз. Пеш жұмыс режимін жаңа
параметрлерге сəйкес өзгертеді.
Таймерді орнату
1. Таймерді орнату үшін « » түймесін басыңыз. Қажетті уақыт мəнін орнату үшін «+»
жəне «–» түймелерін пайдаланыңыз. Параметрді аяқтағаннан кейін « » түймесін басып,
келесі мəнді енгізіңіз. Кері санақ таймерін бастау үшін «Бастау» түймесін басыңыз.
2. Таймердің жұмыс уақыты аяқталған соң, 90 секундқа созылатын дыбыстық сигнал
естіледі. Дыбысты өшіру үшін кез келген түймені басыңыз. Дыбыстық сигнал 90 секундтан
кейін автоматты түрде өшеді жəне ятқыш белгішесі сөнеді.
3. Таймерді іске қосқан соң, оны тоқтату қажет болса, «00:00» уақыт мəнін орнату керек.

Содержание