Haier HOX-FP3ABX Black [40/56] Құрылғының жұмысы

Haier HOX-FP3ABX Black [40/56] Құрылғының жұмысы
12
ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Тұмшашкаф
Тұмшашкафтың режимдері
Жібіту
Тағамды жібіту функциясы.
Пісірме
Бұл режимде тұмшашкафта табиғи конвекция жасау үшін жоғарғы жəне төменгі қыздыру
элементтері қолданылады.
Конвекциямен пісіру
Жоғарғы жəне төменгі қыздыру элементтері мен желдеткішті бір уақытта пайдалану режимі
тұмшашкафтың камерасында ыстық ауаны таратуға мүмкіндік береді, бұл біркелкі пісіру
температурасын қамтамасыз етеді.
Үлкен гриль
Бұл режимде жылу грильдің қыздыру элементі мен жоғарғы қыздыру элементінен келеді.
“Үлкен гриль” пісіру аймағының жоғарғы жағында жоғары температураны қамтамасыз
етеді, бұл үлкен бөліктерді гриль жасау үшін өте қолайлы.
Ескертпе: бұл режим үшін пісірудің аяқталу уақытын белгілеу мүмкін емес.
Конвекциялы гриль
Бұл режимде грильдің қыздыру элементінен келетін ыстық ауамен өнімдерді үрлеуді
қамтамасыз ететін желдеткіш қолданылады.
Грильде пісіру режимдерін пайдалану кезіндегі ұсынымдар:
• Грильге арналған торды 4 немесе 5 деңгейінде орнатыңыз.
• Тұмшапеш камерасын алдын ала қыздыру үшін грильді пайдаланбас бұрын 5 минут ерте
қосыңыз.
• Грильде ас əзірлегенде пештің есігі жабық болуға тиіс.
Ескертпе: бұл режим үшін пісірудің аяқталу уақытын белгілеу мүмкін емес.
Мəжбүрлі конвекция
Бұл функция тұмшашкафтың артқы қабырғасының артында орналасқан қыздыру элементі
мен желдеткішті қамтиды. Тұмшапеш камерасын қыздыру мəжбүрлі конвекция көмегімен
жүзеге асады. Бұлай қыздыру пештегі тағам айналасындағы ыстық ауаның біркелкі
айналуын қамтамасыз етеді. Мəжбүрлі конвекцияның артықшылықтары:
• Тұмшапеш шкафты қыздыру жəне алдын ала қыздыру уақытын азайту.
• Бір уақытта екі деңгейде пісіру мүмкіндігі (қаңылтыр табаның орналасуында).
• Еттің шырындылығын сақтау арқылы тағамдардың дəмін жақсарту.
Жылыту
Пешті қыздыру режимі, онда жылу тек төменгі элементтен пайдаланылады.

Содержание