Haier HW90-BP14959 [34/100] Рақмет

Haier HW90-BP14959 [34/100] Рақмет
KZ
2
KZ
3
Рақмет
Haier өнімдерін таңдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Қолдану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Нұсқаулықта құрылғыны
максималды түрде тиімді пайдалануға және оны қауіпсіз әрі дұрыс орнатуды қамтама-
сыз етуге, пайдалануға және қызмет көрсетуге көмектесетін маңызды ақпарат бар.
Осы нұсқаулықты құрылғыны әрқашан қауіпсіз және дұрыс пайдалануға қолдану үшін
оны ыңғайлы жерде сақтаңыз.
Егер сіз құрылғыны сату, біреуге беру немесе көшкен кезінде жаңа үй иесіне қалдыру
туралы шешім қабылдасаңыз, жаңа үй иесі құрылғымен және қауіпсіздік туралы ескер-
тулермен таныса алуы үшін осы нұсқаулықты та беріңіз.
Шартты белгілер
Назар аударыңыз — қауіпсіздік техникасы туралы
маңызды ақпарат
Жалпы ақпарат және кеңестер
Экологиялық ақпарат
Кәдеге жарату
Қоршаған ортаны және адамдардың денсаулығын
қорғауға көмектесіңіз. Қаптаманы тиісті қайта өңдеу
контейнерлеріне салыңыз. Электрлік және электрон-
дық құрылғылардың қалдықтарын қайта өңдеуді жү-
зеге асыруға көмектесіңіз. Осы таңбамен белгіленген
бұйымдарды тұрмыстық қалдықтармен бірге кәдеге
жаратуға тыйым салынады. Бұйымды жергілікті қайта-
лама шикізатты қайта өңдеу кәсіпорнына тапсырыңыз
немесе жергілікті муниципалдық мекемеге жүгініңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Жарақат алу немесе тұншығу қаупі!
Құрылғыны электрмен қуаттау желісінен ажыратыңыз. Желілік кабельді кесіңіз және
кәдеге жаратыңыз. Балалар мен үй жануарлары құрылғының ішіне бекітіліп қалмауы
үшін есіктің бекітпесін алып тастаңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения