Haier HW90-BP14959 [54/100] Ақаулықтарды жою

Haier HW90-BP14959 [54/100] Ақаулықтарды жою
22
KZ
Пайда болған көптеген мәселелерді пайдаланушы арнайы тәжірибесіз өз бетінше шеше алады.
Мәселе туындаған жағдайда барлық аталған себептерді тексеріп, сатудан кейінгі қызмет көрсету
ұйымына хабарласпас бұрын төмендегі нұсқауларды орындаңыз. «Клиенттерге қызмет көрсету»
бөлімін қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
X Техникалық қызмет көрсетер алдында машинаны өшіріп, қуат сымының ашасын розеткадан
ажыратыңыз.
X Электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді тек білікті электриктер ғана жүргізуі ке-
рек, өйткені дұрыс емес жөндеу кейіннен айтарлықтай зақым келтіруі мүмкін.
X Қауіпті жағдайды болдырмау үшін зақымдалған электр қуаттау кабелін ауыстыруды дайын-
даушы, оның сервистік агенті немесе тиісті біліктілігі бар маман ғана жүзеге асыруы тиіс.
9.1 Ақпараттық кодтар
Келесі кодтар тек ақпарат үшін дисплейде көрсетіледі және жуу цикліне жатады. Олар ешқандай
әрекеттің орындалуын талап етпейді.
Код Хабарлама
1:25
Жуу циклының қалған уақыты 1 сағат 25 минутты құрайды.
6:30
Жуу циклінің қалған уақыты, таңдалған кідіріс уақытын (циклдің аяқталуы) қоса алғанда,
6сағат 30 минутты құрайды.
P--1/2/3
1, 2 немесе 3 қосымша шаю таңдалды («Функционалдық түймелер» бөлімін — «Қосымша
шаю» түймесін қар.).
End
Жуу циклі аяқталды. Машина автоматты түрде өшеді.
clo|-
Балалардан бұғаттау белсендірілген.
loc|-
Су деңгейі жоғары, судың температурасы жоғары немесе сығу циклының орындалуына бай-
ланысты есік жабылып тұр.
bEEP OFF
Дыбыстық сигнал өшірулі.
bEEP On
Дыбыстық сигнал қосулы.
9.2 Дисплейде көрсетілетін кодтармен ақаулықтарды жою
Мәселе Себебі Шешімі
CLr FLtr
Суды ағызу қатесі, су 6 минут ішінде
толығымен төгілмейді.
Сорғының сүзгісін тазалаңыз.
Төкпе құбыршегінің орнатылуын
тексеріңіз.
E2
Бұғаттаудағы қателік. Есікті дұрыстап жабыңыз.
E4
Су деңгейі 8 минуттан кейін жетпейді.
Су сифондық әсер салдарынан төкпе
құбыршегі арқылы ағызылады.
Шүмектің ашық тұрғанына және
судың қысымы қалыпты екендігіне көз
жеткізіңіз.
Төкпе құбыршегінің орнатылуын
тексеріңіз.
E8
Су деңгейі бойынша қорғау қатесі. Сатудан кейінгі қызмет көрсету
ұйымына хабарласыңыз.
E5
Су төгу қатесі. Су 1 минут ішінде
толығымен төгілмейді (жаңарту
бағдарламасы).
Сорғының сүзгісін тазалаңыз.
Төкпе құбыршегінің орнатылуын
тексеріңіз.
F3
Температура датчигінің қатесі. Сатудан кейінгі қызмет көрсету ұйымына
хабарласыңыз.
9. Ақаулықтарды жою

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения