Samsung QE55QN95BAU [22/44] Ақаулықты түзету және жөндеу

Samsung QE55QN95BAUXCE [22/0] Ақаулықты түзету және жөндеу
Микрофонды қосы және өшіру жолы
СөндіруҚосу
Теледидардың төменгі жағындағы ауыстырып-қосқышты
пайдалану арқылы микрофонды іске қосуға немесе өшіруге
болады. Микрофон өшірілсе, микрофонды пайдаланатын
барлық дауыс және дыбыс функциясы қолжетімсіз болады.
Микрофон ауыстырып-қосқышының орны мен пішіні
үлгіге байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Микрофон деректерін пайдалану арқылы талдау кезінде
деректер сақталмайды.
04 Ақаулықты түзету және
жөндеу
Ақаулықты түзету
Қосымша ақпаратты e-Manual құжатындағы "Ақаулықты
түзету" немесе "Жиі қойылатын сұрақтар" тарауынан
қараңыз.
> Мәзір > Параметрлер > Қолдау > e-Manual
мазмұнын ашу > Ақаулықты түзету немесе Жиі қойылатын
сұрақтар
Егер ақаулықтарды жою туралы кеңестердің ешқайсысы
қолданылмаса, «www.samsung.com» сайтына кіріп, қолдау
көрсету немесе Samsung қызмет көрсету орталығына
хабарласу түймесін басыңыз.
Осы TFT LED панелін жасап шығару үшін күрделі
технология бойынша жасалған кіші пикселдер
қолданылды. Дегенмен, экранда шамалы жарық немесе
күңгірт пикселдер бар болуы мүмкін. Бұл пикселдер
құрылғы жұмысына еш әсер етпейді.
ТД-ды оңтайлы күйде ұстау үшін бағдарламалық
жасақтаманы соңғы нұсқасына дейін жаңартыңыз.
Теледидар мәзіріндегі Қазір жаңарту немесе Автоматты
жаңарту функцияларын (
> Мәзір > Параметрлер
> Қолдау > Бағдарламалық қамт-ды жаңарту > Қазір
жаңарту немесе Автоматты жаңарту) пайдаланыңыз.
ТД іске қосылмайды.
One Connect қорапшасы қуат кабелінің One Connect
қорапшасына және қабырғадағы розеткаға мықтап
сұғылғанын тексеріңіз.
Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп және
теледидардың астыңғы жағындағы қашықтан басқару
датчигінің қызыл түспен жанып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Теледидардың астыңғы жағындағы Теледидарды
басқарушы түймесін басып, ақаулықтың қашықтан
басқару пультіне байланысты емес екеніне көз жеткізіңіз.
Егер теледидар іске қосылса, "Қашықтан басқару пульті
жұмыс істемейді" деген тармақты қараңыз.
Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді.
Қашықтан басқару пультінің түймесін басқан кезде,
теледидардың төменгі жағындағы қашықтан басқару
пульті датчигінің жыпылықтайтынын тексеріңіз.
Қашықтан басқару пультінің батареясы таусылған
кезде, USB зарядтау порты (C түрі) арқылы батареяны
зарядтаңыз немесе күн панелін жарыққа қарату үшін
қашықтан басқару пультін теріс қаратыңыз.
Қашықтан басқару пультін теледидарға 1,5-1,8 м
қашықтықтан бағыттаңыз.
Егер теледидармен бірге Samsung Smart қашықтан
басқару пульті (Bluetooth қашықтан басқару пульті) келсе,
оны теледидармен жұптастыруды ұмытпаңыз. Samsung
Smart қашықтан басқару пульті қашықтан басқару
пультін жұптастыру үшін
және түймелерін бірге 3
секундтай басып тұрыңыз.
Эко сенсор және экранның жарықтылығы
Эко сенсор ТД экранының жарықтылығын автоматты
түрде реттейді. Бұл функция бөлменің ішіндегі жарықты
өлшейді және пайдаланылатын қуат мөлшерін азайту
үшін ТД жарықтылығын автоматты түрде оңтайлы етеді.
Бұл функцияны өшіру қажет болса,
> Мәзір >
Параметрлер > Барлық баптаулар > Жалпы және құпиялық
> Қуатты және энергияны үнемдеу режимі > Ашықтықты
оңтайландыру параметріне өтіңіз.
Эко сенсоры теледидардың астыңғы жағында орналасқан.
Сенсорды ешбір затпен бүркемеңіз. Бұл суреттің
жарықтылығын азайтуы мүмкін.
Қазақ - 6

Содержание

Похожие устройства

Скачать