Moulinex Ultra Juice ZU600110 [101/108] Сипаттама

Moulinex Ultra Juice ZU600110 [101/108] Сипаттама
101
KK
СИПАТТАМА
A Итергіш
B Беру түтігі
C Басу бұрандасы
D Сүзгі
E Резеңке қырғыш
F Мәйек деңгейін басқару
G Табақ
H Құрғақ қалдық шығысы
I Шырын шығысы
J Антитаму
K Мотор блогы
L Тісті дөңгелек
M ҚОСУ/ӨШІРУ және кері түймесі
N Тазалау қылшағы
O Балмұздақ сүзгісі
P Мәйек жинағышы
Q Шырын құмырасы
R Жолда қолданатын бөтелке
ТӘЖІРИБЕЛІК КЕҢЕСТЕР
1- Балғын жемістер мен көкөністерді таңдап, мұқият жуыңыз.
Бұл құрылғы келесідей құрамында суы көп жемістер мен көкөністерден
шырын сығуға арналған:
Қатты жемістер мен көкөністер: алма, алмұрт, сәбіз, балдыркөк, грейпфрут,
шабдалы, т.б.
Жұмсақ жемістер мен көкөністер: мандарин, апельсин, қызанақ, киви,
жүзім, қауын, т.б.
Қатты талшықты жемістер мен көкөністерді өлшемі 2-4 см аралығындағы
және қалыңдығы 1-2 см аралығындағы бөліктерге кесу керек.
Шырын сығу алдында ұзын талшықтары бар жемістер мен көкөністерді және
жапырақты көкөністерді (мысалы, балдыркөк) ұзындығы 2-4 см бөліктерге
кесу керек және жапырақтарды орау керек.
Қабықтары қалың, я болмаса сүйектері немесе дәнектері қатты жемістер
мен көкөністер үшін шырын сығу алдында қабықтарды, сүйектерді және
дәнектерді алып тастау керек.
Шырын сығу алдында тоңазытылған жемістер мен көкөністерді еріту керек.
2- Балмұздақ және кулис функциялары:
Бұл машинада балмұздақ істеуге болатын жемістер: банан, манго,
құлпынай, қызыл жидектер…
Осы құрылғыда тосаптар және пюрелер жасауға болатын жемістер:
құлпынай, қызанақ, чили.
Балмұздақ үшін қатырылған жемістерді ешқашан үлкен беру түтігі
арқылы салмаңыз. Артық салуды немесе қауіпсіздік үзілісін болдырмау
үшін әрқашан кішкентайын пайдаланыңыз. Балмұздақ жасауды бастау
алдында жемістерді шамамен 5 мин бойы ерітіңіз. Бұл функцияны жарылған
мұзды жасау үшін ешқашан пайдаланбаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать