Samsung Jet Bot + (VR30T85513W) [47/76] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Samsung Jet Bot + (VR30T85513W) [47/76] Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақша
Қазақша 7
Jet Bot-ты бұрылыс радиусы 0,5 м немесе одан
тарлау жерлерде қолданбаңыз.
Jet Bot кідірмей жұмыс жасайтындай етіп, оны
қолданар алдында, әйнек, жақтау, айна және
фарфор секілді сынуы мүмкін заттарды алып
тастаңыз.
Шөтке немесе оның қақпағы дұрыс
орнатылмаса, еденде сызат пайда болуы немесе
құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Өнімді екі қолмен тасымалдау керек.
Тазалау блогын адамдар жиі өтетін жерлерде,
кіреберіске немесе тар дәліздерде қоймаңыз.
- Адамдар оны басып өтіп, жарақат алуы немесе
өнімге зақым келуі мүмкін.
Тазалау блогын баспаңыз.
Қолдану барысында
ЕСКЕРТУ
Егер Jet Bot әдеттен тыс дыбыстар, иістер
немесе түтін шығарса, дереу оның қуат
қосқышын өшіріп, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Jet Bot-ты қалың кілемнің үстінде пайдалану Jet
Bot-ты да, кілемді де бүлдіруі мүмкін.
- Jet Bot талшықтарының ұзындығы 2 см-ден
асатын кілем арқылы өте алмайды.
Jet Bot-ты үстелдің үстінде немесе басқа биік
жерде қолданбаңыз.
- Егер ол құлап кетсе, бұзылып қалуы мүмкін.
Jet Bot орындықтарға немесе үстелдің
аяқтарына соғылып қалуы мүмкін, сондықтан
тез әрі тиімді тазалау үшін оларды алысырақ
қойыңыз.
Jet Bot жұмыс істеп тұрғанда, оны көтеруге
немесе басқа жерге апаруға болмайды.
Jet Bot-ты басқа жерге апарған кезде, оның
Қозғалтқыш доңғалақтарынан ұстамаңыз.
Jet Bot үстіне ешқандай заттарды қоймаңыз,
себебі бұл LiDAR сенсорына немесе Jet Bot-қа
зақым келтіруі мүмкін.
Jet Bot-ты пайдалану кезінде кез келген үлкен
қағаздарды немесе пластик қапшықтарды
дереу алып тастаңыз, себебі олар ұңғыны бітеп
тастауы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған Jet Bot айналасына
жатпаңыз.
- Шөткеге шашыңыз қыстырылып қалып,
жарақат алуыңыз мүмкін.
Jet Bot-ты балаларға ойнауға бермеңіз.
Шашыңыздың, саусақтарыңыздың және
киіміңіздің спиральды щеткаға немесе
қозғалтқыш дөңгелектерге ілінбегеніне көз
жеткізіңіз.
Балаларды Jet Bot-қа отырғызбаңыз және оның
үстіне заттар қоймаңыз.
Кіре берісте орналасқан ішкі есіктен 3 см-ден
артық бос орын қалдырыңыз. Әйтпесе, робот
шаңсорғыш одан өтіп кетіп, далаға шыға алады.
Тазалау және күтіп ұстау
ЕСКЕРТУ
Қуат сымына нұқсан келген кезде, оны уәкілетті
техникке ауыстыртып алу үшін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы
мүмкін.
Батареяларды ауыстырған кезде SAMSUNG
Electronics қызмет көрсету орталығында
тексертіңіз.
- Басқа батареяларды пайдалану дұрыс жұмыс
істемеуіне себеп болуы мүмкін.
Айналып тұрған LiDAR сенсорына саусағыңызды
тигізбеңіз. Әйтпеген жағдайда, саусағыңызды
жарақаттап алуыңыз мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Төмендегі талаптарды орындап, Jet Bot-тың
бұзылуына жол бермеңіз.Төмендегі талаптарды
орындап, Jet Bot шаңсорғыштың бұзылуына жол
бермеңіз..
- Jet Bot-ты суды тікелей оған шашыратып
тазалауға немесе бензол, сұйылтқыш немесе
алкоголь сияқты ұшпа заттарды тазалау үшін
пайдалануға болмайды.
Қауіпсіздік туралы ақпарат

Содержание

Похожие устройства

Скачать