Samsung VR30T80313W/EV [45/72] Қауіпсіздік туралы ақпарат

Samsung VR30T80313W/EV [45/72] Қауіпсіздік туралы ақпарат
Қазақша
Қазақша 7
Jet Bot кептеліп қалуы мүмкін өте төмен
жерлерде SmartThing қолданбасы арқылы
тыйым салынған аймақтарды орнатыңыз
немесе Jet Bot-тың кіруіне жол бермеу үшін
межелік белгілерін қойыңыз.
Зарядтау блогын қара түсті едені бар жерге
орнатпаңыз.
- Егер зарядтау блогының айналасындағы
еден қара болса, зарядтау баяулайды.
Тазалау алдында Jet Bot-тың қозғалуына бөгет
болуы мүмкін кедергілерді (балалардың үйдегі
әткеншегі немесе шанасы сияқты) алыңыз.
Jet Bot-ты бұрылыс радиусы 0,5 м немесе одан
тарлау жерлерде қолданбаңыз.
Jet Bot кідірмей жұмыс жасайтындай етіп, оны
қолданар алдында, әйнек, жақтау, айна және
фарфор секілді сынуы мүмкін заттарды алып
тастаңыз.
Шөтке немесе оның қақпағы дұрыс
орнатылмаса, еденде сызат пайда болуы
немесе құрылғы дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Өнімді екі қолмен тасымалдау керек.
Зарядтау блогын адамдар өтетін, жүретін
немесе тар өтетін жолға қоймаңыз.
- Адамдар оны басып өтіп, жарақат алуы
немесе өнімге зақым келуі мүмкін.
Зарядтау блогын баспаңыз.
Қолдану барысында
ЕСКЕРТУ
Егер Jet Bot әдеттен тыс дыбыстар, иістер
немесе түтін шығарса, дереу оның қуат
қосқышын өшіріп, қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Jet Bot-ты қалың кілемнің үстінде пайдалану
Jet Bot-ты да, кілемді де бүлдіруі мүмкін.
- Jet Bot талшықтарының ұзындығы 2 см-ден
асатын кілем арқылы өте алмайды.
Jet Bot-ты үстелдің үстінде немесе басқа биік
жерде қолданбаңыз.
- Егер ол құлап кетсе, бұзылып қалуы мүмкін.
Jet Bot орындықтарға немесе үстелдің
аяқтарына соғылып қалуы мүмкін, сондықтан
тез әрі тиімді тазалау үшін оларды алысырақ
қойыңыз.
Jet Bot жұмыс істеп тұрғанда, оны көтеруге
немесе басқа жерге апаруға болмайды.
Jet Bot-ты басқа жерге апарған кезде, оның
Қозғалтқыш доңғалақтарынан ұстамаңыз.
Jet bot үстіне ешқандай заттарды қоймаңыз,
себебі бұл LiDAR сенсорына немесе Jet bot-қа
зақым келтіруі мүмкін.
Jet bot-ты пайдалану кезінде кез келген үлкен
қағаздарды немесе пластик қапшықтарды
дереу алып тастаңыз, себебі олар ұңғыны бітеп
тастауы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған Jet bot айналасына
жатпаңыз.
- Шөткеге шашыңыз қыстырылып қалып,
жарақат алуыңыз мүмкін.
Jet bot-ты балаларға ойнауға бермеңіз.
Шашыңыздың, саусақтарыңыздың және
киіміңіздің спиральды щеткаға немесе
қозғалтқыш дөңгелектерге ілінбегеніне көз
жеткізіңіз.
Балаларды Jet Bot-қа отырғызбаңыз және
оның үстіне заттар қоймаңыз.
Кіре берісте орналасқан ішкі есіктен 3 см-ден
артық бос орын қалдырыңыз. Әйтпесе, робот
шаңсорғыш одан өтіп кетіп, далаға шыға
алады.
Тазалау және күтіп ұстау
ЕСКЕРТУ
Қуат сымына нұқсан келген кезде, оны
уәкілетті техникке ауыстыртып алу үшін
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы
мүмкін.
Батареяларды ауыстырған кезде SAMSUNG
Electronics қызмет көрсету орталығында
тексертіңіз.
- Басқа батареяларды пайдалану дұрыс жұмыс
істемеуіне себеп болуы мүмкін.
Қауіпсіздік туралы ақпарат

Содержание

Похожие устройства

Скачать