Samsung VR30T80313W/EV [47/72] Ескертпелер мен ескертулер

Samsung VR30T80313W/EV [47/72] Ескертпелер мен ескертулер
Қазақша
Қазақша 9
Орнату
ЕСКЕРТПЕ
Егер тазарту аймағы ағаш еденді болса, онда
зарядтау блогын ағаш еденнің бітімі бойымен
орнатқан дұрыс.
Егер зарядтау блогы өшірулі болса, Jet Bot оған
қондырылған жағдайда да зарядталмайды.
Зарядтау блогын әрқашан қосулы ұстаңыз.
- Егер зарядтау блогы тоққа қосулы болмасы,
Jet Bot оны таба алмайды және автоматты
түрде зарядтай алмайды.
- Jet Bot-ты тазалау блогынан бөлек
қалдыру батареяны табиғи түрде таусады.
шаңсорғышы зарядтау блогынан ағытулы
күйде қалса, батарея өзінен өзі таусылады.
(-----) түріндегі межелік белгілерін
жапсырмаңыз.
- Jet Bot оны анықтамай, шекарадан өтіп кетуі
мүмкін.
Зарядтау
ЕСКЕРТПЕ
Егер батарея зарядтау кезінде асқын қызып
кетсе, зарядтау уақыты ұзағырақ болады.
Егер автоматты түрде зарядтау жұмыс
істемесе, келесі әрекеттерді орындаңыз:
- Қуат қосқышын (Jet Bot-тың қапталында)
өшіріп, қайта қосыңыз.
- Зарядтау блогының қуат ашасын ағытып,
содан кейін қайта қосыңыз.
- Зарядтау блогын электр тоғынан
ажыратыңыз, содан кейін зарядтау
істіктерінде бөгде заттардың жоқтығын
тексеріп, Jet Bot және зарядтау блогының
істіктерін құрғақ шүберекпен немесе
шүберекпен сүртіңіз.
- Зарядтау блогының жанында
шағылыстырғыш заттар, орындықтар т.б.
бар-жоғын тексеріңіз.
Jet Bot-ты тазалау блогынан бөлек қалдыру
батареяны табиғи түрде таусады. шаңсорғышы
зарядтау блогынан ағытулы күйде қалса,
батарея өзінен өзі таусылады.
- Өзіңіздің Jet Bot-ыңызды зарядтау блогында
зарядтауға тырысыңыз. (Дегенмен, іс-сапарға
немесе демалысқа кету т.б. сияқты ұзақ
уақытқа үйден кетуді жоспарлағанда, қуат
қосқышын сөндіріп, зарядтау блогын ағытып
қойыңыз.)
Пайдалану
ЕСКЕРТПЕ
Тазалау кезінде Jet Bot алдыңғы есіктің немесе
веранданың табалдырығында және т.б. Тіреліп
қала алады.
- Қайта қосу үшін қуат қосқышын өшіріп, Jet
Bot-ты оңай қозғалатын жерге апарыңыз,
содан кейін қуатты қайтадан қосыңыз.
Қараңғы жерде Jet Bot затты танымауы
мүмкін.
- Тазалау алдында едендегі кедергілерді алып
тастаңыз.
Jet Bot кіре алмайтын жерлерді, мысалы,
бұрыштар арасындағы, диван немесе қабырға
арасындағы кішігірім жерлерді толығымен
тазарта алмайды.
- Оларды дұрыс тазалау үшін басқа тазалау
құралын пайдаланыңыз.
Jet Bot үйілген шаңды сора алмайды,
сондықтан олардың кейбіреулері тазалаудан
кейін еденде қалып қалуы мүмкін.
- Оларды дұрыс тазалау үшін басқа тазалау
құралын пайдаланыңыз.
Jet Bot-ты өшіргеннен кейін, біраз уақыт күтіп,
содан кейін қалыпты қайта қосу үшін қосыңыз.
Ескертпелер мен ескертулер

Содержание

Похожие устройства

Скачать