Samsung VS20T7536T5/EV Инструкция по эксплуатации онлайн [75/128] 785951

Samsung VS20T7536T5/EV Инструкция по эксплуатации онлайн [75/128] 785951
ДАЙЫНДЫҚ
Қабырғалық аспа құралды розеткаға қосу немесе суыру алдында құрылғыны өшіріңіз
және қуат ашасының істікшесінің қолыңызға тиіп кетпеуін қадағалаңыз.
Әйтпесе, өрт немесе электр қатері болуы мүмкін.
Дымқыл шөткені пайдаланған кезде оның үстіңгі жағын қатты басып кетпеңіз.
Әйтпесе, құрылғыға немесе еденге зақым келуі мүмкін.
Шаңсорғышты пайдаланған кезде қозғалатын немесе айналмалы бөлшектер
жарақаттамау үшін абай болыңыз.
Шаңсорғыштың шөткесіне дене мүшелерінің (шаш, т.б.) сорылып кетпеуін
қадағалаңыз.
Қабырғаны не төбені тазалаған кезде, екі қолмен жұмыс істеу қажет.
Шаңсорғышты екі қолмен тазалау керек. Егер бір қолмен тазаласаңыз, қолыңыздың
буынына зақым келтіріп, шаңсорғышқа нұқсан келтіруіңіз немесе жарақат алуыңыз
мүмкін.
Шаңсорғышты жинау барысында, тұтқаның бүктелген қозғалысы кезінде
саусақтарыңызды қыстырып немесе қолыңызды жаралап алмаңыз.
Шаңсорғышты оңай сызат түсетін заттарды (монитор, тот баспайтын темірден жасалған
тұрмыстық құрылғылар, т.б.) тазалау үшін пайдаланбаңыз.
Шаңсорғышты автокөліктің ішінде сақтауға болмайды.
Шаңсорғышты пайдалану кезінде оны сумен жуып тазалауға болмайды.
Шаңсорғышты тек құрғақ жерлерде ғана пайдаланыңыз.
Шаңсорғышты дымқыл жерде не суда пайдалануға болмайды.
Шаңсорғышты төгілген сусынды немесе үй жануарларының зәрі мен нәжісін тазалау
үшін пайдалануға болмайды.
Шаңсорғышты күн сәулесі тура түсетін немесе өте ыстық жерде пайдалануға болмайды.
Қазақша
11
3_VS7000_KK_00837A-01_CIS.indd 11 2020-01-17 오후 2:55:10

Содержание

Похожие устройства

Скачать