Gorenje MO17E1BH [114/140] Page 114

Gorenje MO17E1BH [114/140] Page 114
114
ЕСКЕРТУ! Тағамды тығыз жабылған ыдыстарда жылытпаңыз,
өйткені олар жарылып кетуі мүмкін.
Балалардың аспаппен ойнамауын қадағалаңыз.
Шағын толқынды пештің аяқтарын шешіп алмаңыз, желдету
тесіктерін жаппаңыз.
Шағын толқынды пештерде пайдалану үшін жарамды асүй
ыдыс-аяғын жəне керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
Жұмыс істеп тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз, əсіресе,
егер қағаздан, пластиктен жəне басқа жанғыш заттардан
жасалған ыдысты пайдалансаңыз, өйткені олар балғып жəне
жанып кетуі мүмкін.
Егер сіз түтін немесе от байқасаңыз, пештің есігін ашпаңыз,
аспапты өшіріңіз жəне айырын штепсель розеткасынан
шығарыңыз немесе пешті электр қорек көзінен ажыратыңыз.
Сұйықтықты қыздыру кезінде абай болыңыз! Егер сіз шағын
толқынды пештен қайнау температурасына жақын сұйықтығы
бар сауытты тез шығарып алсаңыз, ол бұрқылдап, сіздің
қолыңызға төгілуі мүмкін.
Банкілердегі жəне бөтелкелердегі балалар тағамын
жылытқаннан кейін, бірқалыпты температураны қамтамасыз
ету үшін, ішіндегісін мұқият араластырыңыз немесе сілкіңіз.
Тамақтандырар алдында балалар тағамының температурасын
міндетті түрде тексеріңіз. ҚҮЙІП ҚАЛУ ҚАУПІ БАР!
Шағын толқынды пеште қабығы бар жұмыртқаны жəне қатып
пісірілген жұмыртқа дайындамаңыз жəне жылытпаңыз, өйткені
олар жарылып кетуі мүмкін.
Есігін, тығыздауышын, жұмыс камерасын тазарту үшін жұмсақ
абразивті емес тазарту құралдарын жəне жұмсақ губкаларды
немесе шүберектерді пайдаланыңыз.
Пешті үнемі тазартып тұрыңыз. Камера қабырғасында қалған
тағам қалдықтарын жойыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения