Haier HOQ-F6CASGB [119/215] Аква тазалау

Haier HOQ-F6CASGB [119/215] Аква тазалау
47
8.
Аква тазалау
Мүмкіндігінше ласты қолмен кетіріңіз. Бүйір қабырғаларын тазарту үшін
сөрелер мен тіректерді алыңыз. Су тазарту функциясы тұмшапештің
қуысын бумен тазартуды қамтамасыз етеді. Тиімділікті арттыру үшін бұл
функция құрылғы салқындағаннан кейін іске қосылуы керек. Көрсетілген
уақыт функцияның ұзақтығына байланысты және пайдаланушының
тұмшапеш қуысын тазарту уақытын қамтымайды.
Су тазарту функциясы жұмыс істеген кезде температура мен уақытты
орнату мүмкін емес.
1. Тұмшапештің түбіне 200 мл су құйыңыз
2. Су тазарту
функциясын таңдаңыз.
3. Функцияны іске қосу үшін
батырмасын басыңыз. Дисплейде 00:20
көрсетіледі және қалған уақытты санау басталады.
4. Бағдарлама аяқталғаннан кейін дыбыстық сигнал беріледі.
5. Тұмшапештің ішкі беттерін абразивті емес губкамен сүртіңіз. Тазалау
үшін тұмшапештерге жарамды жылы су мен жуғыш заттарды қолдануға
болады.
Тазалағаннан кейін тұмшапештің есігін шамамен 1 сағатқа ашық
қалдырыңыз. Толық кепкенін күтіңіз. Кептіруді тездету үшін, тұмшапешті
шамамен 15 минут бойы 150 °C температурада ыстық ауамен жылытуға
болады. Тазалау функциясының максималды әсерін алу үшін, функция
аяқталғаннан кейін құрылғыны қолмен тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ:
Бу генераторының жұмысы кезінде күйіп қалу қаупін болдырмас үшін
тұмшапештің есігін ашпаңыз.
Бағдарлама аяқталғаннан кейін ескті ашқан кезде ысты бу туралы
ұмытпаңыз.
Генераторды толтыру үшін тек қана таза ауыз суды пайдаланыңыз. Бу
генераторын судан басқа ешқандай сұйықтықтармен толтырмағыз.
Бу генераторын суға толтырмай, бу генераторы режимін іске
қоспаңыз. Ішкі бетін ысқышпен тазалағанда қолды қорғау үшін жылуды
оқшаулайтын қолғап киіңіз.
Микробтардың көбею қауіпіне жол бермеу үшін тұмшапеште қалған
суды ағызыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать