Artel VCC 4530 Brown [75/100] Қазақша

Artel VCC 4530 Brown [75/100] Қазақша
75
Сақтау ережелері
ЕСКЕРТПУ: Сақтау кезіндегі телескоптық түтіктің орнықты тұрысын қамтамасыз ету
үшін оның ең аз ұзындығын таңдап алыңыз (4-сурет).
1. Шаңсорғышты сөндіріп (10-сурет), желілік баусымның ашасын электр желісінің
розеткасынан шығарып алыңыз.
2. Желілік баусымды орау үшін орау батырмасын басыңыз (11-сурет).
3. Шаңсорғышты көлденең қалпына келтіріңіз. Саптаманы мықтап бекіту үшін оның
қырын саптамаға қондырыңыз (12-сурет).
ЕСКЕРТПЕ: Жарақаттану қауіптілігі бар! Шаңсорғышты əрқашан балалар қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
ТЫҢДАҢЫЗДАР: Шаңсорғышты ешқашан жылулық көзіне (мысалы, жылытқышқа
я тұмшапешке) жақын жерде сақтамаңыз. Күннің шаңсорғышқа тік түсетін сəулесінің
əсерінен қашқақтаңыз. Шаңсорғыш пен оның керек-жарақтарын Сіздің жұмысыңызға
кедергі жасамайтын, қауіпсіз салқын, құрғақ əрі шаңсыз жерде сақтаңыз. Сақтау
температурасы +5°С-ден +40°С-ге дейін болу керек. Шаңсорғышты ұзақ уақыт бойы
сақтаған жағдайда оны целлофан пакетке буып-түйіңіз.
ТЫҢДАҢЫЗДАР: Егер Сіз шаңсорғышты ұзаққа созылған мерзім ішінде сақтауға
əзірленбек болсаңыз, алдымен шаңжинағышты тазалап алыңыз.
Осы машинаны тура қоқыс орнына шығарып тастау
(Пайдаланылған электрлік жəне электрондық аспап)
- Өнімнің не керек-жарақтың бетіндегі, немесе баспасөз басылымындағы осы таңбалама,
тап осы өнімнің я оның (мəселен, зарядтау құрылғысы, құлаққалқандар, USB кабелі
сияқты) қосалқы электрондық құрылғыларының қызмет ету мерзімі өткенде оларды басқа
тұрмыстық қалдықтармен бірге қоқыс тастайтын жерге шығарып тастауға болмайтынын
білдіреді. Керексіз бұйымды қоқыс тастайтын жерге қараусыз шығарып тастаудың
салдарынан қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына келтіру мүмкіншілігі бар зиянның
алдын алу үшін, төменде көрсетілген элементтерді құрылғының шығарып тастауға жататын
басқа бөлшектерінен бөліп алыңыз да, материалдық қорларды ақылға қонымды етіп қайта
пайдалануға көмектесу үшін оларды қайта пайдаға асырыңыз.
- Үйдегі пайдаланушылар экологиялық тұрғыдан қауіпсіз пайдалану мақсатымен, осы
құрылғыны қай жерге жəне қалай тапсыруға болатыны туралы мəлімет алу үшін, осы
өнімді өздеріне сатқан бөлшек сауда сатушысына немесе жергілікті əкімшіліктің офисіне
бару керек.
- Бизнеспен айналысатын пайдаланушылар өз жабдықтаушыларымен байланысып, сатып
алу шартының ереже-шарттарымен танысуы керек.Осы өнімді жəне оның электрондық
керек-жарақтарын қоқыс тастайтын жерге шығарып тастауға жататын басқа коммерциялық
қалдықтармен бірге шығарып тастауға болмайды
ҚАЗАҚША

Содержание

Похожие устройства