Vitek VT-8411 [20/44] Қазақша

Vitek VT-8411 [20/44] Қазақша
20
ҚАЗАҚША
ШАШТЫ ТҮЗЕТУ
Аспап ұзын шашқа да, қысқа шашқа қолданылуы мүмкін.
Аспапты сау, боялмаған және жасанды жолмен
бұйраланбаған шаштарға, немесе арнайы түзететін
заттарсыз пайдаланыңыз.
Егер шаштар боялған немесе химиялық бұйраланған
болса, онда аспап сирек пайдалану ұсынылады.
Ең жақсы нәтижеге жету үшін шаштар таза және құрғақ
болуы керек.
Бекіткішке (1) басып, түзеткішті ашыңыз.
Аспапты түзу, тұрақты және термотөзімді бетке қойыңыз.
Желілік баусымның айыртетігін электрлік ашалыққа
салыңыз.
Құрылғыны іске қосыңыз, бұл үшін іске қосу/сөндіру
батырмасын (2) басыңыз және ұстап тұрыңыз, осы
кезде шарт бойынша «160» болып белгіленген, жұмыс
тілімдерінің (4) қызу температурасы жанады және жанып-
сөніп тұрады.
Ескерту: Алғашқы пайдалану кезінде қыздырғыш
элементтен иіс пайда болуы мүмкін, бұған жол беріледі.
Қажет болған кезде жұмыс тілімдерінің қажетті қызу
температурасын батырмаларды (3) басып белгілеңіз.
Шаш түрі Температура
Бүлінген, боялған,
түссіздендірілген, жұқа
160 °С
Қалыпты 180 °С
Кәсіби ретке келтіру үшін 200 °С-ден +220 °С-ге дейін
Жұмыс тілімдері (4) белгіленген температураға дейін
қызған кезде, температураның жарықтық көрсеткішінің
(5) көмескілеуі жанып-сөнуін тоқтатады және тұрақты
жанып тұрады.
Тегіс таралған шаштарды біркелкі ені бар тарамдарға (5
см таяу етіп) бөліңіз.
Шаш тарамын тілімдер (4) арасына салыңыз.
Құрылғыны қолсабынан ұстаңыз және тілімдерді (4)
қысыңыз.
Асыра күш салмаңыз, жұмыс тілімдерін (4) шаш
тарамдарының ұшына дейін жүргізіңіз.
МАҢЫЗДЫ: ешбір жағдайда тілімдерді шаш тарамының
бір бөлігінде 2 секундтан артық ұстамаңыз.
Осыдан кейін келесі тарамды түзетуге көшіңіз.
Соңғы ретке келтіру немесе лакты жағу алдында
шашыңызды салқындатып алыңыз.
Құрылғының ыстық беттерінің бетпен, мойынмен және
басқа дене бөліктерімен жанасуына жол бермеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать