Coolfort CF-3005 [9/20] Қазақша

Coolfort CF-3005 [9/20] Қазақша
9
ҚАЗАҚША
ШАҢСОРҒЫШ CF-3005
Шаңсорғыш үй-жайды құрғақ және ылғалдап жинауға
арналған, шаңсорғыштың тік тұрағы оны жинақы
сақтау мүмкіндігін қарастырады.
СИПАТТАМАСЫ
1. Шаңжинағыш
2. Сүзгі
3. Еденге арналған қылшақ
4. Корпус
5. Өлшегіш сыйымдылық
6. Тұтқа
7. Зарядтау құрылғысы
8. Еден жууға арналған мата саптама
9. Қоректендіру батырмасы
10. Ылғалдап тазалау батырмасы
11. Суға арналған сұйыққойма
12. Бұранда (жеткізілім жинағына кірмейді)
13. Дисплей
14. Зарядтау индикаторы
15. Сору индикаторы
16. Суды бүрку индикаторы
17. Еденге арналған қылшақ индикаторы
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдалану алдында пайдалану бойынша
нұсқаулықты зейін қойып оқып шыңыңыз және оны
пайдалану мерзімі бойы сақтаңыз. Құрылғыны дұрыс
пайдаланбау оның сынуына, пайдаланушыға немесе
оның мүлігіне зиян келтіруге әкелуі мүмкін.
Өрт шығу тәуекелін төмендету үшін, электр тоғына
түсуден қорғау және жарақаттардан қорғау үшін
төменде келтірілген ұсыныстарды орындаңыз.
• Бұл құрылғыны тек пайдалану нұсқаулығына
сәйкес пайдаланыңыз.
• Жеткізу жинағына кіретін аксессуарларды ғана
пайдаланыңыз.
• Аккумуляторлық батареяны алғаш зарядтау
алдында электр желісіндегі кернеудің желілік
блоктың жұмыс кернеуіне сәйкес келетіндігіне көз
жеткізіңіз.
• Құрылғы жиілігі 50 Гц айналмалы ток желісінде
жұмыс істеуге арналған, құрылғының талап етілген
номиналдық жиілікте жұмыс істеуі үшін ешқандай
баптау талап етілмейді.
• Аккумуляторды жоғары ылғалдықтағы және жоғары
температурадағы орындарда қуаттандырмаңыз.
Аккумулятор зарядтауын +5°C-ден бастап +35°C-
ге дейінгі температурада және 80%-дан аспайтын
салыстырмалы ылғалдықта жүргізіңіз.
• Егер желілік розеткаға қосулы болса, қуатандыру
блогын қараусыз қалдырмаңыз.
• Қуаттандыру блогы корпусын сулы қолыңызбен
ұстамаңыз.
• Шаңсорғыштың кірістік және шығыстық
саңылауларын қандай да бір заттармен жабуға
тыйым салынады.
• Егер шаңсорғыштың ауа сіңіру саңылауына басқа
заттармен тосқауыл қойылса, құралды қосуға
тыйым салынады.
• Шаштың, сонымен қатар еркін салбыраған киім
бөліктерінің, саусақтардың немесе басқа дене
мүшелерінің шаңсорғыштың ауа сіңіру саңылауы
жанында орналаспауын қадағалаңыз.
• Баспалдақ алаңдарын жинау кезінде айрықша сақ
болыңыз.
• Шаңсорғышты бензин, еріткіштер сияқты жеңіл
тұтанатын сұйықтықтарды жинау үшін қолдануға
тыйым салынады. Шаңсорғышты осындай
сұйықтықтар сақталатын жерде қолдануға тыйым
салынады.
• Шаңсорғыш көмегімен жанып тұрған немесе
түтіндеген темекілерді, сіріңкелерді, бықсыған
күлді, сонымен қатар жұқа дисперсиялық шаңды,
мысалы, әрлеу, бетон шаңдарын, ұнды немесе
ысты жинауға тыйым салынады.
• Шаңсорғышты пайдалануға тыйым салына-
ды, егер шаңжинағыш-контейнер орнатылмаған
болса.
• Шаңсорғышты, қуаттандыру блогын және
аккумуляторлық батареяны суға немесе кез-
келген басқа сұйықтықтарға салмаңыз.
• Егер жұмыс істеп тұрған құрылғы маңында бала-
лар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар
болса, аса сақ болыңыз.
• Бұл құрылғы балалардың қолдануына
арналмаған.
• Жұмыс істеу уақытында және жұмыс циклдері
арасындағы үзілістерде құрылғыны балалардың
қолы жетпейтін жерде орналастырыңыз.
• Дене, жүйке немесе сана мүмкіндіктері
төмендетілген тұлғалардың (балаларды қоса
алғанда) немесе оларда тәжірибесі немесе білімі
болмаса, егер олар бақыланбаса немесе олардың
қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғамен аспапты
пайдалану туралы нұсқаулықтар берілген болма-
са, аспап олардың пайдалануына арналмаған.
• Аспаппен ойнауларына жол бермеу үшін балалар-
ды қадағалау керек.
• Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
мақсатында қаптама ретінде пайдаланылатын
полиэтилен қапшықтарды қараусыз қалдырмаңыз.
Назар аударыңыз! Балаларға полиэтилен пакет-
термен немесе қаптама үлбірімен ойнауға рұқсат
етпеңіз. Тұншығу қауіпі!
• Желілік адаптерді және қосқыш бауының күйін
бұзылыстардың жоқтығына мезгілімен тексеріп
отырыңыз.
• Егер қуаттандыру блогында немесе қосқыш бау-
ында бұзылыстар болса, құрылғы кідіріспен
жұмыс істесе, сондай-ақ құрылғы құлаған болса,
құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.
• Қуаттандыру бауы зақымданған жағдайда қауіп
тудырмау үшін оны дайындаушы, сервистік
қызмет немесе баламалы білікті персонал ауы-
стыруы тиіс.
• Аспапты өз бетінше жөндеуге тыйым салына-
ды. Аспапты өз бетіңізбен бөлшектемеңіз, кез-
келген ақаулықтар пайда болған кезде, соны-
мен қатар құрал құлағаннан кейін кез-келген
авторландырылған (уәкілетті) сервис орталығына
кепілдік талонында және www.coolfort.ru сайтында
көрсетілген байланысу мекен-жайлары бойынша
хабарласыңыз.

Содержание

Похожие устройства