KRAFT Technology TCH-HD8529SDB [50/72] Қауіпсіздік талаптары

KRAFT Technology TCH-HD8528SW [50/72] Қауіпсіздік талаптары
50
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Өз қауіпсіздігіңіз үшін және кір жуатын машинаны дұрыс пайдалану үшін пайда-
ланбастан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып, сондай-ақ тасымалдағаннан
немесе сатқаннан кейін оны соңынан қайта оқып шығу үшін сақтап қойыңыз. Аспап-
ты дұрыс тұтынбау оның сынуына алып келуі, пайдаланушыға материалдық зиян
немесе денсаулығына зақым келтіруі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ауыр жарақаттың алдын алу және аспап бүлінбес
үшін қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз.
Кір жуатын машинаны мақсатсыз пайдалану, орнату, пайдалану, тазалау ереже-
лерін және қауіпсіздік шараларын бұзу, сондай-ақ температура шарттарын сақтамау
сізді кепілдікпен көретілетін қызметтерге жүгіну құқығынан айырады.
Аспап тұрмыстық үй жағдайында пайдалануға ғана арналған.
Аспапты қаптамадан шығарғанда оның бүтін екеніне және бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз. Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Қаптама материалы мен үлдірге тұншығып қалмас үшін балаларға қаптама мате-
риалымен ойнауға рұқсат бермеңіз! Қаптаманы кәдеге дұрыс жаратыңыз.
Бұл аспап физикалық және ойлау мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның
ішінде 8 жасқа толмаған балалардың), сондай-ақ өздерінің қауіпсіздігі үшін
жауапты адамның қадағалауынсыз аспапты пайдалану жөніндегі білімі мен
тәжірибесі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына арналмаған. Балаларға аспап
элементтерімен ойнауға болмайды. Қызмет көрсету мен аспапты тазалауды ба-
лалар ересектердің қарауынсыз жүзеге асырмауы тиіс.
Кір жуатын машинаны балалар тек ересектердің бақылауымен пайдалана ала-
ды. Егер машина пайдаланылмай тұрса, балалардың оның ішіне кірмеуін және
есікті ішінен жауып алып, қамалып қалмауын қадағалаңыз.
Алғаш қосқан кезде (және әр) қосқан сайын) аспапта бүліну белгілерінің жоқ
екеніне, көрсетілген техникалық сипаттамаларына, электр желісінің параметр-
леріне сәйкестігін тексеріңіз.
Егер аспап немесе оның электрмен қоректендіру бауы бүлінген болса, ешбір
жағдайда оны электр желісіне қоспаңыз. Бүлінгені туралы тауарды сатқан дүкенге
хабарлаңыз, сараптама және жөндеу үшін сервис орталығына жүгініңіз. Аспапты
өз бетіңізбен жөндеуге тырыспаңыз. Бұл жағдайда қаптаманы лақтырмаңыз.
Аспапты бөлшектеу, жөндеу немесе оның конструкциясына қандай да бір
өзгерістер енгізу қауіпті. Аспаптың электр сымдарының кез-келгені бүлінгенде
электр тогына соғылуға, өртке немесе тұйықталуға әкелуі мүмкін. Ақаулар
туындаған жағдайда, кір жуатын машинаның моделін және пайда болған
ақаулық түрін көрсете отырып, дереу авторизацияланған сервис орталығына
жүгініңіз. Жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануға болады.
Білікті түрде жасалмаған жөндеу аспапқа берілетін кепілді қызмет көрсетудің
күшін жояды.

Содержание