KRAFT Technology TCH-HD8529SDB [61/72] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

KRAFT Technology TCH-HD8528SW [61/72] Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
61
ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
АВТОМАТТЫ КІР ЖУҒЫШ МАШИНА
«K-СМАРТ» функциясы.
Бұл функция кірдің салмағын анықтайды және зияткерлік жууды жүзеге асыру
үшін әртүрлі жуу уақыты мен температурасын үйлестіре алады.
«K-СМАРТ» жуу функциясын үш тәсілмен қосуға болады:
Кір жуатын машина өшіп тұрған кезде «К-Смарт» батырмасын кемінде 3 секунд басып
тұрыңыз: кір жуатын машина «К-Смарт» жуу режимін бірден іске қосады, бұл ретте
дисплейде тиісті индикатор жанады.
Кір жуатын машина қосулы тұрған кезде «К-Смарт» батырмасын кемінде 3 секунд
басып тұрыңыз: кір жуатын машина «К-Смарт» жуу режимін тікелей іске қосады, бұл
ретте дисплейде тиісті индикатор жанады.
Кір жуатын машина қосулы тұрған кезде «К-Смарт» батырмасын қысқа уақытқа
басыңыз, дисплейде тиісті индикатор жанады, содан кейін («Бастау/Кідірту» тарт/
Пауза) батырмасын басыңыз, сол кезде кір жуатын машина «К-Смарт» жуу режимін
іске қосады.
«Киімді қосып салу» функциясы.
Бағдарлама іске қосылған кезде, машинаның жұмысын кідірту үшін «Бастау/
Кідірту» тарт/Пауза) батырмасын басып тұрыңыз. Егер «Есікті бұғаттау» индикато-
ры сөніп қалса, есік ашық болуы мүмкін, сол кезде кір киімдерді қосуға немесе алып
тастауға болады. Осыдан кейін есікті жауып, «Бастау/Кідірту» батырмасын қайта ба-
сып, ұстап тұрыңыз, машина жұмысын тоқтатылған жерден бастап жалғастырады.
«Автотеңгерім» функциясы.
Аспапта біркелкі емес жүктемені анықтайтын автоматты жүйе бар. Егер кір киім
жуу кезінде біркелкі бөлінбеген болса, аспап сығар алдында кірді біркелкі тарата-
ды. Егер кір жуатын машина белгіленген уақытта кірді біркелкі тарата алмаса, қатты
дірілдің алдын алу үшін жұмыс уақытша тоқтатылады. Жұмысты жалғастыру үшін
киімдердің бір-біріне бұралып қалмағанын тексеру керек, егер бұралып қалған бол-
са, қолмен тарқату қажет. Осыдан кейін «Сығу» бағдарламасын іске қосыңыз.
Джинсы, свитер, ванна сүлгілері және т.б. осындай аздаған мөлшердегі киімді
жуу кезінде машина автотеңгерімнің болмауына байланысты сығу процесін аяқтай
алмауы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін ірі және шағын киімдерді мүмкіндігінше бірге
жиі жуып, біркелкі тарату процесін жеңілдетіп, сығу процесінің дұрыс аяқталуына
мүмкіндік беру қажет.
Қорғау
Сығу кезінде киім барабан ішінде дұрыс таралмауы мүмкін. Машина сығу кезінде
киімді автоматты түрде қайта бөлу функциясымен жабдықталған, содан кейін сығу
бағдарламасы жалғастырылады.
Егер киімді қайта бөлудің (сілкілеудің) автоматты функциясын орындалғаннан кейін
киім қажетті түрде таралмаса, онда кір жуғыш машинаның дірілінің артуына жол бер-
меу үшін сығу жылдамдығы төмендетіледі.
Машинаға салынған кір киім көлемі тым аз болған жағдайда (1 кг-нан аз), сығу режимі
автоматты түрде күшін жоюы мүмкін. Киім саны аз мөлшеріне болуына байланысты
жоғары жылдамдықпен сығу шамадан тыс діріл тудыруы және машинаның сынуына
әкелуі мүмкін.
Кірді қайта бөлу (сілкілеу) қажеттілігі жуу бағдарламасын орындау ды ұзарта түседі.
Aquastop функциясы.
Aquastop функциясы ішкі негіздегі судың ағып кетуін анықтайды, жұмысын тоқтатады
және барабан арқылы асып кетпеуі және кір жуғыш машинадан төгілмеуі үшін суды

Содержание