Darina 1T2 M 524 X [39/61] Бөлім пайдалану

Darina 1T2 M 524 X [39/61] Бөлім пайдалану
BG 00 000-01 РЭ
38
10. Кіші алау оттығы (A).
11. Орташа алау оттығы (SR).
12. Үлкен алау оттығы (R).
13. Үш алау сақинасы бар оттық (WOK).
14. Тұтату электроды (тек кейбір үлгілерде).
15. «Газ-бақылау» құрылғысы (тек кейбір үлгілерде).
Қауіпсіздік құрылғысы болып табылады: егер алау
кездейсоқ сөнсе (төгілулер, азынақтар және т.б.) оттыққа газдың берілуін
тоқтатады).
16. Газдық кран тұтқалары.
3 бөлім. Пайдалану
Кранның әр тұтқасы үшін басқару панелінде тұтқа жайғасымының көрсеткіші
және осы тұтқаның қандай оттықты басқаратындығын көрсететін таңбалама
бар.
Газдық оттықтар
Оттықтар өлшемі және қуаты бойынша ерекшеленеді. Қолданылатын ыдыс
диаметрі үшін барынша жарамды оттықты таңдаңыз.
1 кестеде көрсетілген жайғасымдардың бірін пайдаланып, оттық алауын
кранның сәйкес тұтқасы көмегімен реттеуге болады:
1 кесте
Символ Сипаттама
«Сөнд» жайғасымы / Газдың берілуі жоқ
Тұтату жайғасымы / «Максимум» – газдың максималды берілуі
«Минимум» – газдың минималды берілуі
Оттықты қосу үшін
оған от көзін (мысалы, шақпақ, сіріңке және т.б.)
жақындатыңыз, таңдалған оттыққа сәйкес келетін кран тұтқасын тірелгенше
басыңыз, және оны сағат тіліне қарсы «Максимум» жайғасымына бұраңыз.
Кейін қалаулы алау шамасын орнатыңыз. Ең кіші ықтимал алауды алу үшін
тұтқаны сағат тіліне қарсы «Минимум»
жайғасымына бұраңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать