Darina 1T2 M 524 X [43/61] Бөлім ақаулықтарды жою бойынша кеңестер

Darina 1T2 M 524 X [43/61] Бөлім ақаулықтарды жою бойынша кеңестер
BG 00 000-01 РЭ
42
6 бөлім. Ақаулықтарды жою бойынша кеңестер
Пісіру панелі жұмыс жасамауы немесе дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін. Сервис
қызметіне көмекке жүгіну алдында сізге ақаулықтарды өздігінен жоюға
талпынуды ұсынамыз. Ең алдымен газбен және электр қуатымен жабдықтау
жүйелерінде олқылықтардың жоқ екендігін және, атап айтсақ, газдық құбырдан
газ жеткізетін кранның ашық екендігін тексеріңіз.
Оттық жанбайды, немесе оттықтағы алау біркелкі емес.
Тексеріп, келесілерге көз жеткізіңіз:
Оттық саңылауларының бітелмегендігіне.
Оттықтың барлық бөлшектерінің дұрыс орнатылғандығына.
Пісіру панеліне азынақтың бағытталмағандығына.
Жылу сезгіш элементтермен жабдықталған үлгіде алау жанбайды.
Тексеріп, келесілерге көз жеткізіңіз:
Сіздің тұтқаға тірелгенше басқандығыңызға.
Жылу сезгіш элементтің оттық алауында қызуы үшін сіздің тұтқаны басылған
күйде жеткілікті шамада ұзақ ұстап тұрғандығыңызға.
Жылу сезгіш элементке қарама-қарсы орналасқан оттық саңылауларының
бітелмегендігіне.
Кран тұтқасын «Минимум» жайғасымына бұраған кезде оттық жанбайды.
Тексеріп, келесілерге көз жеткізіңіз:
Оттық саңылауларының бітелмегендігіне.
Пісіру панеліне азынақтың бағытталмағандығына.
Алау «Минимум» жайғасымында дұрыс реттелген («7 бөлім. Орнату», «Кіші
алау бұрамасын реттеу» тармағын қар.).
Пісіру панеліндегі ыдыстар орнықты орналаспайды.
Тексеріп, келесілерге көз жеткізіңіз:
Ыдыс түбінің жалпақ екендігіне.
Ыдыстың оттық үстінде дұрыс орнатылғандығына.
Пісіру панелі торының дұрыс орнатылғандығына.
Егер, барлық осы тексерістерге қарамастан, пісіру панелі тиісінше жұмыс
жасамаса, және мәселе жойылмаса, жақын маңдағы сервис орталығына
жүгініңіз.
Ешқашан өндірушімен авторландырылмаған мамандар қызметтеріне жүгінбеңіз.
және түпнұсқалық болып табылмайтын қосалқы бөлшектерді қабылдаудан бас
тартыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать