Brayer 4220BR [20/23] 39 kz kz

Brayer 4220BR [20/23] 39 kz kz
38 39KZ KZ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Шаңсорғышты аэрозольдар пайдаланылатын немесе
шашырайтын жерлерде, сондай-ақ тез тұтанатын
сұйықтықтарға жақын жерлерде пайдалануға тыйым
салынады, мұндай сұйықтықтарды сақтау орында-
рында шаңсорғышты пайдалануға тыйым салынады.
Шаңсорғыш суды немесе кез келген басқа сұй-
ықтықтарды жинауға арналмаған, жанып жатқан
немесе түтіндеп жатқан темекіні, бықсыған күлді
жинауға тыйым салынады.
Сылақтың, бетонның, ұнның немесе күлдің шаңын
жинауға тыйым салынады.
Жинауды бастамас бұрын еденнен құрылғының
бүлінуіне жол бермеу үшін, үшкір заттарды алып
тастаңыз.
Егер жинау кезінде шаңсорғыштың сору қуаты күрт
төмендесе, оны дереу өшіріңіз және электр розет-
касынан қуаттандыру бауының ашасын суырыңыз,
телескопиялық түтікті (4) немесе құбыршекті (7)
қоқыстануына қатысты тексеріңіз, қоқыстарды
тазалаңыз, содан кейін ғана жинауды жалғастыруға
болады.
ШАҢСОРҒЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ
Назар аударыңыз!
Шаңсорғышты тек қана орнатылған шаңжи-
нағышымен (15 немесе бірмәртелік қағаз 26), сон-
дай-ақ кіру сүзгісімен (16) және шығу НЕРА-сүзгісімен
(21) қосуға болады.
Тазалауды бастамас бұрын сүзгілердің (16, 21) дұрыс
орнатылғанын тексеріңіз.
Қуаттандыру бауының ашасын ұстаңыз және қуаттан-
дыру бауын қажетті ұзындыққа тартыңыз, қуаттандыру
бауының ашасын электр розеткасына салыңыз.
Желі бауындағы сары белгі желі бауының максималды
ұзындығы екенін ескертеді. Қуаттандыру бауын қызыл
белгіден артыққа тартуға тыйым салынады.
Шаңсорғышты қосу үшін қосу/өшіру (20) пернесіне
басыңыз.
Жинастыру барысында сіз сору қуатын иілгіш құбыр-
шектің сабында (5) орналасқан, сору қуатының қол рет-
тегіші (6) көмегімен реттей аласыз және сору қуатын
реттейтін батырмалармен «+/-», осы ретте цифрлі таң-
балары «1-2-3-4-5» бар дисплейде (17) сору қуатының
деңгейі көрсетіледі, сору қуаты мен жинастыратын бет
типінің оңтайлы арақатынасы, дисплейдің (17) жоғарғы
қатарындағы таңбалармен көрсетіледі (сур. 1).
Жинау аяқталғаннан кейін шаңсорғышты өшіріңіз,
қосу/өшіру (20) пернесін басып, электр розеткасынан
қуаттандыру бауының ашасын шығарыңыз.
Желі бауын орау үшін пернеге (18) басыңыз, қуаттан-
дыру бауының оралуы кезінде оны ұстап отырыңыз.
Егер жинау кезінде үзіліс жасау қажет болса,
шаңсорғышты пернесін (20) басу арқылы өшіріңіз,
қылшақты (1) қылшақ «тұрағы» (19) орнына қойыңыз
(сур. 3).
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қондырмаларды ауыстыру немесе шаңжинағыш-кон-
тейнерді (15) тазалау алдында, қосу/өшіру (20)
пернесін басып, шаңсорғышты өшіріңіз, электр
розеткасынан қуаттандыру бауынының ашасын
суырыңыз.
ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМІ
Шаңжинағышты (15) тазалау
Егер жинау кезінде дисплейде (17) шаңжинағыштың
толу таңбасы көрсетілсе (сур. 2), шаңжинағышты
(15) тазалау керек немесе бірмәртелік қағаз шаңжи-
нағышты (26) ауытыру қажет.
Ескертпе: қағаз шаңжинағыш (26) бірмәртелік, шаңжи-
нағыш (26) толған кезде оны жойыңыздар.
Шаңжинағышты (15) тазаламас бұрын, шаң-
сорғышты қосу/сөндіру (20) пернесін басып өшіріңіз
және электр розеткасынан қуаттандыру бауының
ашасын суырыңыз.
Қақпақтың бекіткішіне (12) басып, шаңжинағыш
бөлімінің қақпағын (13) ашыңыз.
Шаңжинағыш ұстағышын (14) шаңжинағышпен (15)
бірге алып шығыңыз.
Шаңжинағышты (15) шаңжинағыш ұстағышынан
(14) алып шығыңыз.
Шаңжинағышты (15) қоқыс шелегінің үстінен
ұстаңыз, пластмассалы қысқышын шешіп алыңыз
және шаң мен қоқысты шаңжинағыштан (15)
шығарып тастаңыз. Шаңжинағышты (15) жұмсақ жуу
құралы бар жылы сумен жуып, шайып жақсылап
құрғата аласыз, содани кейін шаңжинағышқа (15)
пластмассалы қысқышты орнатыңыз.
Шаңжинағышты (15) ұстағышқа (14) орнатыңыз.
Орнатылған шаңжинағышы (15) бар шаңжинағыш
ұстағышын (14) шаңжинағыш корпусының бөліміне
орнатыңыз.
Шаңжинағыш бөлімінің қақпағын (13) жабыңыз,
қақпақты (13) бекітпесі (12) сырт еткенге дейін сәл
басыңыз.
Ескертпелер:
– орнатылған шаңжинағыш ұстағышы (14) жоқ қақпақты
(13) жабуға тырыспаңыз, олай болмаған жағдайда
қақпақты (13) немесе бұғаттауын зақымдап алуыңыз
мүмкін;
– қақпақты (13) жабар алдында әрқашан шаңжинағыш
ұстағышының (14) және ішіне орнатылған шаңжи-
нағыштың (15 немесе бірмәртелік қағаз шаңжи-
нағыштың 26) дұрыс орнатылғандығын тексеріңіз.
Сүзгілерді тазалау
Шаңсорғыш жұмысының тиімділігі сүзгілердің (16
және 21) жағдайына байланысты, сүзгілерді (16 және
21) жылына кемінде төрт-бес рет тазалаңыз.
Кіру сүзгісін (16) тазалау
Қосу/сөндіру пернесін (20) басып шаңсорғышты
өшіріңіз, қуаттандыру бауының ашасын электр розет-
касынан суырыңыз.
Қақпақтың бекіткішіне (12) басып, шаңжинағыш
бөлімінің қақпағын (13) ашыңыз.
Шаңжинағыш ұстағышын (14) шаңжинағышпен (15)
бірге алып шығыңыз.

Похожие устройства

Скачать