Polaris PMC 5016ADG [105/125] Палау

Polaris PMC 5016ADG [105/125] Палау
Бұл бағдарлама палау дайындауға арналған
Аспапты іске қосыңыз. Дисплейде - - - - деген символдар пайда болады.
Рецептураға сай барлық қажетті ингредиенттерді ыдысқа салыңыз. «Аспапты
пайдалану» бөлімнің нұсқаларын орындаңыз.
Ескертпе! Осы бағдарламада дайындау кезінде қақпақты жабық күйде
қалдыру ұсынылады. Егер қақпақ дұрыс орналаспаған болса, нәтиже
талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін.
“МӘЗІР” батырмасын бірізді басумен «Палау» бағдарламасын таңдаңыз, бұл ретте
панельде бағдарлама атауының индикаторы жанады.
Таймерде дайындаудың осы бағдарламасы үшін әдепкі қалпы бойынша уақыт - 1
сағат көрсетілетін болады. Уақыт 20 минуттан 2 сағатқа дейін, рецептке байланысты,
өзгеруі мүмкін.
Қажетті уақытты орнату үшін “САҒАТ / +” және “МИНУТ/ - батырмаларын
пайдаланыңыз. “САҒАТ / +” батырмасы сағатты 1-сағаттық қадаммен орнатады,
“МИНУТ / - батырмасы - минуттарды 5-минуттық қадаммен.
“САҒАТ / +” және “МИНУТ / - батырмаларына ұзақ басу орнатылатын уақыттың
мәнін жылдам өзгертуге мүмкіндік береді.
Қажет болса, кейінге шегерілген старт уақытын орнатыңыз. Бұл үшін “t° / КЕЙІНГЕ
ШЕГЕРІЛГЕН СТАРТ” батырмасын басыңыз және дисплейде «Кейінге шегерілген
старт» индикациясы жанады. “САҒАТ / +” және “МИНУТ / - батырмаларының
көмегімен мультипісіргіш дайындауды аяқтауға қажет болатын уақытты орнатыңыз
(толығырақ «Кейінге шегерілген старт» функцияның сипаттамасынан қар.). “t° /
КЕЙНГЕ ШЕГЕРІЛГЕН СТАРТ” батырмасына келесі басу кейінге шегерілген старт
функциясын сөндіреді және бағдарламаны дайындау уақытын орнату режиміне
қайта ауыстырады (экранда тиісті индикатор жыпылықтайды).
Бағдарламаны іске қосу үшін “Старт” батырмасын басыңыз, батырманың жарық
индикаторы бір реттік дыбыстық сигналмен жанады.
Сонымен қатар “ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ” батырмасының индикаторы жанады, бұл
бағдарлама жұмыс аяқталғаннан кейін аспап автоматты түрде ЖЫЛЫТУ режиміне
көшеді дегенді білдіреді. ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде көшуін сөндіру үшін
қайталап “СТАРТ” батырмасын басыңыз, сонда “ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ”
батырманың индикаторы сөніп қалады.
Дисплейде пісіру уақытының кері санағы көрсетіледі.
Бұл бағдарлама автоматты болып табылады. Егер өнімнің дайын болуы белгіленген
уақыттан ерте орын алса (бұл ыдыста судың бар болуымен бақыланады),
мультпісіргіш өздігінен дайындау процесін тоқтатады.
Қажеттілік бойынша “ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ” батырмасының көмегімен дайындау
процесінің аяқталу уақытын басқаруға болады.
Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін мультипісіргіш дыбыстық сигнал шығарады.
Құрылғы автоматты түрде температураны сақтау режиміне көшеді, егер ол бұрын
жойылмаған болса.
Температураны сақтау режимін сөндіру үшін “ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ” батырманы
басыңыз, құрылғыны сөндіріңіз
0:35
«ПАЛАУ»
105

Содержание

Похожие устройства

Скачать