Polaris PMC 5016ADG [106/125] Паста

Polaris PMC 5016ADG [106/125] Паста
Бұл бағдарлама макарон өнімдерін дайындауға арналған.
Аспапты іске қосыңыз. Дисплейде - - - - деген символдар пайда болады.
Ыдысқа максималды деңгейдің жартысы шамасында су қосыңыз. «Аспапты
пайдалану» бөлімнің нұсқаларын орындаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Осы режимде дайындау кезінде қақпақты жабық күйде
он мәртелі дыбыстық сигналға дейін қалдыру, макарон өнімдерін ыдысқа
салғаннан кейін ашық қалдыру ұсынылады, өйткені дайындау барысында көп
кқбік пайда болады. Егер қақпақ дұрыс орналаспаған болса, нәтиже талаптарға
сәйкес келмеуі мүмкін.
“МӘЗІР” батырмасын бірізді басумен «Паста» бағдарламасын таңдаңыз, бұл ретте
панельде бағдарлама атауының индикаторы жанады.
Таймерде дайындаудың осы бағдарламасы үшін әдепкі қалпы бойынша уақыт - 8
минут көрсетілетін болады. Уақыт диапазоны тамақты дайындау рецептіне
байланысты 8-ден 20 минутқа дейін өзгеруі мүмкін.
Қажетті уақытты орнату үшін “МИНУТ/ - батырмасын пайдаланыңыз. “МИНУТ/ -
батырмасы дайындау минуттарын 1-минуттық қадаммен орнатады. “МИНУТ / -
батырмасына ұзақ басу орнатылатын уақыттың мәнін жылдам өзгертуге мүмкіндік
береді.
Қажет болса, кейінге шегерілген старт уақытын орнатыңыз. Бұл үшін “t° / КЕЙІНГЕ
ШЕГЕРІЛГЕН СТАРТ” батырмасын басыңыз және дисплейде «Кейінге шегерілген
старт» индикациясы жанады. “САҒАТ / +” және “МИНУТ / - батырмаларының
көмегімен мультипісіргіш дайындауды аяқтауға қажет болатын уақытты орнатыңыз
(толығырақ «Кейінге шегерілген старт» функцияның сипаттамасынан қар.). “t° /
КЕЙНГЕ ШЕГЕРІЛГЕН СТАРТ” батырмасына келесі басу кейінге шегерілген старт
функциясын сөндіреді және бағдарламаны дайындау уақытын орнату режиміне
қайта ауыстырады (экранда тиісті индикатор жыпылықтайды).
Бағдарламаны іске қосу үшін “Старт” батырмасын басыңыз, панельде батырманың
жарық индикаторы бір реттік дыбыстық сигналмен жанады.
Сонымен қатар “ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ” батырмасының индикаторы жанады, бұл
бағдарлама жұмыс аяқталғаннан кейін аспап автоматты түрде ЖЫЛЫТУ режиміне
көшеді дегенді білдіреді. ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде көшуін сөндіру үшін
қайталап “СТАРТ” батырмасын басыңыз, сонда “ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ”
батырманың индикаторы сөніп қалады.
Дисплейде дайындау уақытының кері санағы көрсетіледі, ол жұмыс
температурасына жеткеннен кейін басталады. Мультипісіргіш он мәртелі дыбыстық
сигнал бергеннен кейін қақпақты ашыңыз және макарон өнімдерін ыдысқа салыңыз.
Қақпақты жаппаңыз.
Қажеттілік бойынша “ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ” батырмасының көмегімен дайындау
процесінің аяқталу уақытын басқаруға болады.
Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін мультипісіргіш дыбыстық сигнал шығарады.
Құрылғы автоматты түрде температураны сақтау режиміне көшеді, егер ол бұрын
жойылмаған болса.
Температураны сақтау режимін сөндіру үшін “ЖЫЛЫТУ / БОЛДЫРМАУ” батырманы
басыңыз, құрылғыны сөндіріңіз.
0:35
«ПАСТА»
106

Содержание

Похожие устройства

Скачать