Polaris PGS 2277C [40/47] Пайдалану аясы

Polaris PGS 2277C [40/47] Пайдалану аясы
ПАЙДАЛАНУ АЯСЫ
Аспап осы Нұсқаулыққа сәйкес тек қана тұрмыстық пайдалануға арналған.
Аспап өнеркәсіптік және коммерциялық пайдалану үшін және үй-жайлардан тыс
пайдалануға арналмаған.
Өндіруші қате пайдалану немесе осы Пайдалану нұсқаулығында көзделмеген
мақсатта нәтижесінде туындаған шығын үшін жауапкершілік алмайды.
Бумен жібіткішті маталардың кез келген типтері үшін және киімдегі бүкпелерді
жазу үшін арналған.
Егер Сіз матаның немесе киімнің белгілі бір типі үшін бумен жібіткішті пайдалану
жөнінде күмәнданатын болсаңыз, бұйымдағы заттаңбаның деректерін
басшылыққа алыңыз. Егер мұндай ақпарат жоқ болса, матаны ішкі жағынан бумен
жібітіп көріңіз.
САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ
Сақтау
Бумен жібіткішті сақтауға әр орналастырар алдында төкпе тесік арқылы суға
арналған резервуардан суды ағызу қажет.
Бумен жібіткішті құрғақ, салқын үй-жайда сақтаңыз.
Электр аспаптары қоршаған ауаның температурасы плюс 40ºС-ден аспайтын,
салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан аспайтын және қоршаған ортада электр
аспаптар материалдарына теріс әсер ететін шаң, қышқылды және басқа да булар
болмайтын жабық құрғақ және таза үй-жайда сақталады.
Тасымалдау
Электр аспаптарды нақты түрдегі көлікте қолданылатын жүктерді тасымалдау
ережелеріне сәйкес көліктің барлық түрлерімен тасымалдайды. Аспапты
тасымалдағада зауыттық түпнұсқа ораманы пайдаланыңыз.
Аспаптардың тасымалдануы оларға атмосфералық жауын-шашын мен жегі
орталардың тікелей әсер ету мүмкіндігін болдырмауы керек.
Сіздің құралды пайдалану кезінде өрттің, электрлік токпен зақымдану немесе
жарақат алу қаупінің, сонымен қатар оның сынуының алдын алу үшін осы құралмен
жұмыс кезіндегі сақтықтың негізгі шараларын, сонымен қатар электрлік тұрмыстық
техникамен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқауларды сақтаңыз.
40

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Как очистить сопла?
9 месяцев назад