Polaris PGS 2277C [43/47] Жұмыс істегенде

Polaris PGS 2277C [43/47] Жұмыс істегенде
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ТЕХНИКАМЕН
ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ
Аспапты пайдалану «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану
ережелеріне» сәйкес жүргізілуі тиіс.
Аспап тек қана тұрмыста пайдалануға арналған. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ
уақыт пайдалану оның шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін, соның нәтижесінде ол
зақымдануы мүмкін немесе адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
Аспап нұсқаулыққа сәйкес мақсаты бойынша ғана пайдаланылуы тиіс.
Егер Сіз аспаптың жұмыс істеу қабілетіне сенімді болмасаңыз, оны пайдаланбаңыз.
Аспапты іске қосар әр кезде оны қарап тексеріп шығыңыз. Аспап немесе желілік
баусымда зақымданулар бар болғанда аспапты ешбір жағдайда розеткаға қоспаңыз.
Аспап құлағаннан кейін, зақымданудың көзге көрінетін белгілері бар болса, оны
пайдаланбау керек. Пайдаланар алдында аспапты білікті маман тексеруі тиіс.
Осы аспап денелік, жүйкелік немесе психикалық ауытқулары немесе тәжірибе мен
білімнің жеткіліксіздігі бар адамдардың (балаларды қоса алғанда) пайдалануына
арналмаған, мұндай адамдарға қадағалау жүзеге асырылатын немесе олардың
қауіпсіздігіне жауап беретін адамның осы құралды пайдалануына қатысты оларға нұсқау
беретін жағдайларды қоспағанда. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу
мақсатында қадағалауды жүзеге асыру қажет.
Аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Аспапты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Аспапты ванналар, шұңғылшалар немесе сумен толтырылған басқа ыдыстар
маңында пайдаланбаңыз. Аспап суға құлаған жағдайда оны дереу желіден
жарытаңыз. Бұл ретте қолдарыңызы ешқашан суға батырмаңыз. Аспапты
қайталап пайдаланар алдында ол білікті маманмен тексерілуі керек.
Аспапты үй-жайлардан тыс пайдаланбаңыз. Аспапты ыстықтан, тура күн сәулелерінен,
үшкір бұрыштарға соғылуынан, ылғалдан (ешбір жағдайда сапапты суға немесе басқа
сұйықтыққа батырмаңыз) сақтаңыз. Аспапқа дымқыл қолыңызды тигізбеңіз. Құралға су
тиген кезде оны бірден желіден өшіріңіз.
Аспапта көрсетілген кернеу желі кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Құралды тек айнымалы ток көзіне (~) қосыңыз. Қосар алдында желінің параметрлері
аспап сипаттамасында берлігендерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Аспап тек қана жерге тұйықталуы бар желіге қосылуы мүмкін. Сіздің қауіпсіздіңізді
қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электртехникалық нормаларға сәйкес
келуі керек. Бейстандартты қуат көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдаланбаңыз.
Ұзартқышты пайдаланғанда ол жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген қате қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
43
Суға арналған резервуарға сіркесу немесе қаққа қарсы құралдарды құймаңыз.
Резервуарға тек қана таза, тұрмыстық сүзгілермен қосымша тазартудан өткен суды
құйыңыз (қажеттілік болғанда). Газдалған суды немесе парфюмерлік қоспаларды
пайдаланбаңыз.
Назар аударыңыз! Аспапты қаптар алдында оған толығымен сууға уақыт беріңіз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 1

Как очистить сопла?
8 месяцев назад