Polaris PUH 8080 WIFI IQ Home [37/54] Модельі puh 8080 wifi iq home пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Polaris PUH 8080 WIFI IQ Home [37/54] Модельі puh 8080 wifi iq home пайдалану жөніндегі нұсқаулық
37
Ультрадыбыстық ауа ылғалдандырғышы POLARIS
Модельі PUH 8080 WIFI IQ Home
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Сізге POLARIS сауда маркасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғысымызды
білдіреміз. Біздің өнімдеріміз сапа, функционалдылық пен дизайнның жоғары талаптарына сәйкес
әзірленген. Сіз біздің фирмамыздың жаңа өнімін сатып алғаныңызға риза болатыңызға сенімдіміз.
Ауаның ылғалдылығы адам денсаулығын сақтау үшін өмірлік қажетті көрсеткіштердің бірі
болып табылады. Ауада ылғи сулы бу бар, оның пайызы қоршаған ортаның температурасына
байланысты. Температура неғұрлым жоғары болса, ауа құрамында соғұрлым көп су буы бар
болады. Қазіргі заманғы темірбетонды және кірпіш ғимараттарда, әсіресе қысқы уақытта,
ылғалдылықтың төмендеген деңгейі байқалады.
Аспапты пайдалануды бастар алдында Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпараты бар осы
нұсқаулықты, сондай-ақ құралды дұрыс пайдалану және оны күту жөніндегі ұсыныстарды мұқият
оқып шығыңыз.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен, мүмкіндігінше, картон қораппен және орауыш
материалмен бірге сақтап қойыңыз.
Жалпы ақпарат
Пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық POLARIS ультрадыбыстық ауа ылғалдандырғыштың, Моделі
PUH 8080 WIFI IQ Home (бұдан әрі мәтін бойынша аспап, ылғалдандырғыш), техникалық
деректерімен, құрылымымен, пайдалану және сақтау ережелерімен танысуға арналған.
Ылғалдандырғыштың функциялары және мүмкіндіктері
WIFI функциясы: аспапты IOS және Android мобильді қосымшасы арқылы қашықтан басқару.
Бу берудің 3 режимі (жылдамдығы).
Ылғалдандырғыш қақпақшасын шешпей суды жоғарыдан құю.
Басқарудың сенсорлық панелі.
Су жетіспеген кезде аспаптың автоматты түрде сөндірілуі. Су бачогының көлемі
ылғалдандырғыштың жеткілікті ұзақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Егер Сіз бачоктағы су бітіп
қалғанын байқамай қалсаңыз, онда аспап автоматты түрде сөнеді.
Аспап сыртқы гигрометрмен жабдықталған, бұл үй-жайдағы ылғалдылықты оңтайлы деңгейін
жақсартылған автоматты бақылауға мүмкіндік береді.
«Таймер» функциясы. Бұл функция таймерді 12 сағатқа дейінгі уақытқа орнатуға мүмкіндік
береді.
«Түнгі режим» функциясы. Жарықтандыруды сөндіру, үй-жайдағы ылғалдылық деңгейін
автоматты түрде бақылау.
Балалардан қорғау функциясы (Child lock).
Суға арналған сүзгі. Аспап қоспаларды кетіруге арналған тиімділігі жоғары ауыстырмалы қыш
сүзгімен жабдықталған.
Жұмыс базасын тазалау туралы ескерту.
Хош иісті майларды пайдалану мүмкіндігі.
Үздіксіз жұмыс 30 сағатқа дейін.
Су шығыны 350 мл/сағ дейін.
Суға арналған ыдыстың көлемі 4,5 л.
Қызмет көрсету ауданы 40 ш. м дейін.

Содержание

Похожие устройства