Polaris PUH 8080 WIFI IQ Home [50/54] Сақтау тасымалдау және өткізу

Polaris PUH 8080 WIFI IQ Home [50/54] Сақтау тасымалдау және өткізу
50
Су резервуарын тазалау.
Ылғалдауыштың су резервуарын тұздан тазарту үшін лимон қышқылының ерітіндісін қолдануға
болады:
25 г лимон қышқылын 0,5 л ыстық сумен араластырыңыз.
Сұйықтықты ылғалдауышқа құйыңыз.
15 минутқа қалдырыңыз.
Ылғалдауышты суық сумен бірнеше рет шайыңыз.
Қажет болғанда тазалауды қайталаңыз.
Сондай-ақ ылғалдандырғышыт өңез мен ластанудан тазарту үшін асханалық сіркесудың әлсіз
ерітіндісін пайдалануға болады.
Судың 2/3 бөлігін және 6% асханалық сіркесуының 1/3 бөлігін араластырыңыз.
Бұл ерітіндіні ылғалдауышқа құйыңыз, 15 минутқа қалдырыңыз.
Ылғалдандырғышты таза сумен шайыңыз және құрғақ шүберекпен сүртіп алыңыз.
Жұмыс базасының негізгі компоненті болып мембранасы бар бу түзілуін өндіретін ультрадыбыстық
сәулелендіргіш табылады.
Аспаптың сәулелендіргіш мембранасында ластану, өңез бен түзілімдер пайда болғанда:
Жұмыс базасына резервуарды тазалауға арналған ерітіндінің бірінің (лимон қышқылының
ерітіндісі немесе асханалық сіркесудің әлсіз ерітіндісі) 200-250 мл құйыңыз, 15 минут
күтіңіз, ал содан кейін бәрін қылшақпен (жиынтықта болмауы мүмкін) тазалап шығыңыз.
Ерітіндімен өңдегеннен кейін барлығын таза сумен шайыңыз және абайлап ылғал матамен
сүртіп алыңыз.
Сәулелендіргіш мембранасын тазалау үшін қатты немесе өткір заттарды пайдаланбаңыз.
Аспаптың жұмыс базасының басқарудың электрондық компоненттері орналасқан жасырын
қуыстарына судың түсуіне жол бермеңіз.
Аспапты сақтауға қояр алдында ылғи ылғалдауышқа тазарту жүргізіңіз. Аспаптың барлық бөліктері
құрғатылып сүртілгендеріне көз жеткізіңіз.
Сүзгіні тазалау:
Қыш сүзгінің жұмыс істеу ресурсы 1000 л, осыған байланысты судың осы мөлшерін
пайдаланғаннан кейін сүзгідегі қыш шариктерді тазалауды жүргізуді ұсынамыз. Бұл сүзгінің
жұмысын белсендіруге мүмкіндік береді. Сүзгіні тазалау үшін келесі әрекеерді жүргізу қажет:
Сүзгіні суға арналған резервуардан ажыратыңыз.
Шариктер салынған контейнерді асханалық сіркесудың 6% ерітіндісіне 10 минутқа
орналастырыңыз
Сүзгіні сіркесудан алып шығыңыз, бірнеше рет сілкіңіз, таза сумен шайыңыз.
Сүзгі әрі қарай пайдалануға дайын.
Аспапты ұзақ сақталуға жинап қояр алдында сүзгіні жақсылап кептіруді ұмытпаңыз.
Қыш сүзгінің қызмет ету мерзімі - 1 жыл, суды тиімді тазалау үшін Сізге осы мерзім өткеннен кейін
сүзгіні жаңасына ауыстыруды ұсынамыз.
Сақтау, тасымалдау және өткізу

Содержание

Похожие устройства