Crown CT21082H-2 BMC [192/220] Қозғалтқыш құралдың бөлшектерін орнату және жөнге салу

Crown CT21082H-2 BMC [192/220] Қозғалтқыш құралдың бөлшектерін орнату және жөнге салу
192
Қазақ тілі
12 Белдік қыстырғышы *
13 Жылдам ауыстырылатын кілтсіз патрон *
14 Жылдам ауыстырылатын құрал ұстағышы *
15 Жылдам ауыстырылатын бұрыштық құрал
ұстағышы *
16 Зарядтағыш *
17 Кілтсіз патрон
18 Құрал ұстағыш
19 Бекітілген төлке
20 Жылдам ауыстырылатын саптама құлпы *
21 Бұрағыштың жүзі *
22 Бұранда
23 Магниттік ұстағыш *
24 Зарядтағыш жапсырмасы *
25 Индикатор (қызыл) *
26 Индикатор (жасыл) *
* Қосымша құрамдастар
Кейбір суреттелген немесе сипатталған
құрамдастар стандарттық жабдықтау ретінде
қосылмаған.
Қозғалтқыш құралдың бөлшектерін
орнату және жөнге салу
Кез келген шараларды орындамай тұрып, кері
қосқышты 8 ортаға әкеліңіз.
Бекіткіш бөлшектер бұрандаларын
бұзып алмау үшін тым қатты
тартпаңыз.
Кейбір элементтерді бекіту /
шығару / орнату жолдары барлық
қозғалтқыш құралдарда бірдей, бұл
жағдайда ерекше модельдер сурет-
телмеген.
Жылдам ауыстырылатын керек-жарақтарды
орнату / ауыстыру (1-3 сур. қараңыз)
[CT21081HQ-2, CT21081HQ-4, CT21082HQ-1.5,
CT21082HQ-2, CT21082HQ-4]
Жылдам ауыстырылатын 13, 14 немесе 15
саптамалары электр құралдың қолдану аясын
кеңейтіп, қолды жеткізу қиын жерлерде жұмыс істеу
мүмкідігін береді (2.2 сур. қараңыз).
20 құлпын алға жылжытып, орнында ұстап
тұрыңыз (1.1 сур. қараңыз).
Жылдам ауыстырылатын 13, 14 немесе 15
саптамаларының бірін әмбебап құрал ұстағышына 3
орнатыңыз (1.2 сур. қараңыз).
Құлыпты 20 жіберіңіз.
Бөлшектеу үшін сипатталған қадамдарды кері
ретпен орындаңыз.
Жылдам ауыстырылатын бұрыштық құрал
ұстағышы 15 түрлі күйлерде орнатыла алады (2.1
сур. қараңыз).
Жылдам ауыстырылатын кілтсіз патрон 13 және
жылдам ауыстырлатын құрал ұстағышы 14 (3 сур.
қараңыз) жылдам ауыстырылатын бұрыштық құрал
ұстағышына 15 орнатыла алады.
Жарақтарды орнату / ауыстыру (4-8 сур.
қараңыз)
[CT21081H-2, CT21081H-4, CT21082H-1.5,
CT21082H-2, CT21082H-4]
Ұзақ істегенде бұрғылар қызып кетуі
мүмкін; оны шығару үшін қолғап
қолданыңыз.
Кілтсіз патронның тістерін 17 алдыңғы
бөлігін 4 суретте көрсетілгендей бұрап
ашыңыз.
Жарақты орнатыңыз / ауыстырыңыз.
Кілтсіз патронды 17 - 4 сур. көрсетілгендей
жарақты еңкейтпей тартып қысыңыз.
[CT21081HB-2, CT21081HB-4, CT21082HB-1.5,
CT21082HB-2, CT21082HB-4]
Бекіту шайбасын 19 артқа жылжытып, оны
орнында ұстап тұрыңыз (5 сур. қараңыз).
Керек-жарақты орнатыңыз / ауыстырыңыз.
Назар аударыңыз: стержень шетінде
домалақ оймасы бар керек-жарақтарды
қолданыңыз, бұл керек-жарақтың құрал
ұстағышында 18 бекем орнатылуын
қамтамасыз етеді.
Бекіту шайбасын 19 жіберіңіз.
[CT21081HQ-2, CT21081HQ-4, CT21082HQ-1.5,
CT21082HQ-2, CT21082HQ-4]
Әмбебап құрал ұстағышы 3 орнатылған
кезде:
6 сур.көрсетілгендей, әмбебап құрал
ұстағышына 3 21-тіркеме бұрауышын
орнатыңыз / ауыстырып қойыңыз. Назар
аударыңыз: әмбебап құрал ұстағышының 3
кірістірілген магнит бар, сондықтан оған екі
жақты бұрауыштарды орнатуға болмайды.
Бұлар бұрауштың шеті мен магниттің
арасында жеткіліксіз жанасу аумағына
байланысты әмбебап құрал ұстағышында 3
бекем орнатыла алмайды және осымен қатар,
бұрауыш магнитті зақымдауы мүмкін.
Жылдам ауыстырылатын құрал ұстағышы 14
орнатылған кезде:
Бекіту шайбасын 19 артқа жылжытып, орнында
ұстап тұрыңыз (7 сур. қараңыз).
Керек-жарақты орнатыңыз / ауыстырыңыз.
Назар аударыңыз: стержень шетінде
домалақ оймасы бар керек-жарақтарды
қолданыңыз, бұл керек-жарақтың құрал
ұстағышында 14 бекем орнатылуын
қамтамасыз етеді.
Бекіту шайбасын 19 жіберіңіз.
Жылдам ауыстырылатын кілтсіз патрон 13
орнатылған кезде:
Кілтсіз патронның 13 қысқыштарын 8 сур.
көрсетілгендей бұрау арқылы ашыңыз.
Керек-жарақты орнатыңыз / ауыстырыңыз.
8 сур. көрсетілгендей, керек-жарақты
қозғалтпай, кілтсіз патронды 13 бекем-
деңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать