Roborock Q7 Max+ RU Black [21/44] Wifi сипаттамалары

Roborock Q7 Max+ RU Black [21/44] Wifi сипаттамалары
21
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Батареяжәнезарядтау
Батареяны қайта зарядтау үшін өніммен бірге берілген roborock CDZ11RR, CDZ12RR, AED03HRR немесе AED04HRR ажыратылмалы
қуат блогын ғана қолданыңыз.
Егер роботты ұзақ уақытқа қойып қоятын болсаңыз, оны толығымен зарядтап, өшіріңіз, содан кейін оны салқын әрі құрғақ жерге
қойыңыз. Батарея толығымен отырып қалмауы үшін оны кемінде үш ай сайын зарядтап тұрыңыз.
Термоажыратқышты абайсызда бастапқы күйге қайтаруға байланысты қауіптің алдын алу үшін бұл құрылғы таймер сияқты сыртқы
қосқыш құрылғыға қосылмауы керек немесе үнемі электр желісі арқылы қосылатын және өшетін тізбекке қосылмауы керек.
Қуат көзінің кернеуі док станцияда көрсетілген талаптарға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
Түтін, қызу немесе өрт шығып кетпеуі үшін өніммен бірге берілген қуат кабелін ғана пайдаланыңыз.
Өнімді қуат адаптерінің ешбір түрімен пайдаланбаңыз, себебі ол қауіпті болуы мүмкін және кепілдік күшін жояды.
Егер док станция найзағай тиюі мүмкін немесе кернеуі тұрақсыз жерге қойылса, қорғаныс шараларын қолға алыңыз.
Док станцияны ұзақ уақытқа қойып қоймас бұрын, қуат кабелін ажыратыңыз.
Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтауға болмайды.
Бұл өнімнің батареяларын білікті мамандар ғана ауыстыра алады.
Батареяны немесе док станцияны бөлшектеуге, жөндеуге немесе оларға өзгеріс енгізуге болмайды.
Зарядтауға арналған док станцияны жылу көзінен (мысалы, радиаторлардан) алыс ұстаңыз.
Зарядтау контактілерін дымқыл шүберекпен немесе дымқыл қолдармен сүртпеңіз.
Егер қуат сымы зақымдалған болса, оны пайдаланбаңыз. Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету
агенті немесе сол дәрежедегі білікті маман ауыстыруы тиіс.
Жөнелтпес бұрын, өнімнің қуатын өшіріңіз.
Өз қаптамасына салып қойған жөн.
ЕСКЕРТУ
Лазерлік қауіпсіздік
WiFi сипаттамалары
Бұл өнімнің лазер қашықтығы сенсоры IEC 60825-1:2014 стандартындағы 1-класқа жататын лазерлік өнімдерге қойылатын талаптарға
сай келеді және зиянды лазерлік радиация шығармайды.
Қызмет Протокол Жиілік ауқымы Макс. шығыс қуаты
WiFi 802.11b/g/n 2400-2483,5 МГц
20 дБм

Содержание

Похожие устройства

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Немогу подключиться к Wi-Vi
10 месяцев назад