Darina 1F EC241 616 W [29/32] Шамды ауыстыру

Darina PL EC241 616 1S [29/32] Шамды ауыстыру
KZ Пайдалану бойынша нұсқаулық EM241 00 000 РЭ U
26
ЕСКЕРТУ! Қыздыру шкафын жуған кезде, абай болыңыз резеңке тығыздағышты
зақымдап алмаңыз.
! Қыздыру шкафы есігінің шынысын тазарту үшін қатты абразивті тазартқыштарды
немесе қатты металл қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар бетті сырып кетуі
мүмкін, ол нəтижесінде сынып кетуі мүмкін.
Қыздыру шкафы есігінің шыныларын тазарту бойынша жұмыстар жүргізу үшін Сіз қыздыру
шкафының есігін бөлшектей аласыз.
19.3.2. Қыздыру шкафының есігін бөлшектеу үшін келесі əрекеттерді жасау керек:
1. Есікті матаға ішкі шынысын жоғары қаратып көлденеңінен орналастырыңыз;
2. Тұтқаны құлап кетуге қарсы ұстап тұрып, есіктің металл профильдерінің 4 бекіту бұрамасын
бұрап алу керек;
3. Есікті бөлшектеп, қажетті жұмыстар жүргізіңіз;
4. Есіктің жиналуын кері реттілікте жүргізу керек.
20. ШАМДЫ АУЫСТЫРУ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Электр тоғына ұшырау қаупінің алдын алу үшін, шамды
ауыстыруға кіріспес бұрын, плитаның сөндірілгендігіне көз жеткізіңіз.
Шамды аустыру үшін келесі əрекеттер жасау керек:
1. Қорғаныстық шыны қалпақты бұрап алыңыз;
2. Жанып кеткен шамды бұрап алу керек;
3. Жаңа шамды бұрап бекітіңіз*.
4. Қорғаныс қалпағын кері бұрап бекіту керек.
Ескертпе: *Духовка шкафтарына арналған арнайы тағайындалған
шам (SPECIAL OVEN), алмұрт тəрізді, цоколь Е14, температуралық
төзімділігі 300 °С, қуаты - 15 Вт.
21. ЕГЕР МƏСЕЛЕ ПАЙДА БОЛСА...
Орын алған жағдай Себебі Жою əдісі
1. Барлық электрлік жабдықтар
жұмыс жасамайды
- плита электр желісіне жалғанбаған;
- сым үзілген;
-*плитаны жалғау;
-*қоректену сымын ауыстыру.
2. Қыздыру шкафының
жарықтандыру шамы жанбайды
- шам жанып кеткен;
- өткізгіштер зақымдалған.
- шамды ауыстыру;
-*өткізгіштерді ауыстыру.
3. Электрлік темірпеш қызбайды - электрлік темірпеш зақымдалған;
- ауыстырып қосқыш зақымдалған;
- өткізгіштер зақымдалған
-* электрлік темірпешті ауыстыру;
-* ауыстырып қосқышты ауыстыру;
-* өткізгіштерді ауыстыру
4. Қыздыру шкафының
қыздырғыштары қызбайды
- электрлік қыздырғыштар
зақымдалған;
- ауыстырып қосқыштар немесе
термореттегіш зақымдалған;
- өткізгіштер зақымдалған
-* істен шыққан электрлік
қыздырғышты ауыстыру;
-* ауыстырып қосқышты немесе
термореттегішті ауыстыру;
-* өткізгіштерді ауыстыру
* - жұмыстар сервис қызметімен орындалады.
22. ТАСЫМАЛДАУ ЖƏНЕ САҚТАУ
Плитаны тасымалдау жəне сақтау зауыттық қаптамада, тік қалыпта, биіктік бойынша үш қабатан
аспайтындай жүзеге асырылу керек.
Көлік жəне қоймалар плиталардың атмосфералық жауын-шашынға жəне механикалық
зақымдануларға қарсы қорғанысты қамтамасыз ету керек.
Плита табиғи желдетілетін орынжайларда минус 50 °С бастап плюс 40 °С дейінгі ауа температу-
расында, 75% аспайтын салыстырмалы ылғалдықта, ауада плита материалдарына зиянды əсер
тигізетін қышқылды жəне басқа булар болмаған кезде сақталу керек.
!
14 сур.
Шамды аустыру
!

Содержание

Похожие устройства

Скачать