Darina PL EC241 616 1S Руководство по эксплуатации онлайн [22/32] 799606

Darina PL EC241 616 1S Руководство по эксплуатации онлайн [22/32] 799606
Пайдалану бойынша нұсқаулық EM241 00 000 РЭ U KZ
19
!
!
!
10.1. ЭЛЕКТРЛІК ТЕМІРПЕШТІҢ ЖҰМЫС РЕЖИМДЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Үстелдің электрлік темірпештері қуатының ауыстырып қосқышы
Жайғасымдар
белгіленген басқару
тұтқасы
Тұтқа
жайғасымы
Электрлік темірпештің жұмыс режим Жылулық өңдеу бойынша ұсыныстар
0 Сөндірулі -
1-2 Температураны ұстау Дайын тағамдар
2-3 Баяу режимде өңдеу жəне жылыту Көкөністік рагу, ботқалар, желе
4
Орташа режимде өңдеу, əлсіз режимде
қайнату
Макарон өнімдері, пісірілген картоп,
сорпалар, тосап
5
Белсенді режимде өңдеу Эскалоптар, шабылған котлеттер,
сорпалар, қуырылған картоп
6
Қуатты режимде өңдеу. Сұйықтықты
қайнайтын күйге жеткізу
Қой етінің котлеттері, қуырылған ет,
уыздық, лангет, сүт қайнату
■ Электрлік темірпештерді қосу үшін ауыстырып қосқыш тұтқасын кез келген жаққа айналдырып,
талап етілетін режимге сəйкес келетін жайғасымға орнату керек. Осы кезде қызыл сигналдық шам
жанады.
■ Электрлік темірпештердің сөндірілуі ауыстырып қосқыштар тұтқасын «0» жайғасымына орнату
арқылы жүргізіледі.
■ Тағамның əзірленуін бірден максималды қуаттан «6» жайғасымынан бастау ұсынылады.
Қайнағаннан кейін, немесе сəл ертерек, электрлік темірпештерді минималды қуатқа «1-2»
жайғасымына немесе орташа қуатқа «3-4» жайғасымына ауыстыру керек.
Тағамның əзірленуі аяқталғанша 5-10 минут бұрын ауыстырып қосқышты «0» жайғасымына
орнату керек. Қыздырылған электрлік темірпеш жылуы тағамды соңына дейін пісіру үшін жеткілікті
болады, ал Сіз осы кезде электр энергиясын айтарлықтай үнемдейсіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ыстық темірпештің кенет салқындауына жол бермеңіз. Оған
төгілген салқын сұйықтықтан ол шытынап, істен шығуы мүмкін.
■ Қақпағы бар үлгілер үшін оны ашпас бұрын қақпақтан сұйықтықты дақтарды тазарту керек.
Қақпақты жабу алдында электрлік темірпештің салқындағандығына көз жеткізу керек.
ЕСКЕРТПЕ! Үстелдің темірпешінің жиектерінің күңгірттенуі өндірістік жарамсыздық
болып табылмайды жəне плита жұмысына əсер етпейді.
10.2. ШОЙЫН ЭЛЕКТРЛІК ТЕМІРПЕШТЕРІ БАР ҮСТЕЛДІ ПАЙДАЛАНУ
Плитаның түрленіміне байланысты үстелде қарапайым əрекет ететін электрлік темірпештер
немесе экспресс-темірпештер орнатылуы мүмкін. Экспресс-темірпеш ортасында қызыл
шеңбермен белгіленген жəне жоғары қызу жылдамдығымен ерекшеленеді.
Электрлік темірпештің тоттанбауы үшін, оған түбі дымқыл кəстрөлдер қоймаңыз жəне əркез
үстелді жуғаннан кейін оны құрғатып сүртіңіз. Егер плита жұмысында үлкен үзіліс болса, электрлік
темірпешті бірнеше тамшы өсімдік майға малынған қағаз майлықпен сүртіңіз.
10.3. ШЫНЫ-КЕРАМИКАЛЫҚ ҮСТЕЛДІ ПАЙДАЛАНУ
Үстел беті шыны-керамикалық тілім болып табылады, оның ішкі жағында əр түрлі қуатты
қыздырғыш элементтер орналасқан.
Шыны-керамиканың бірегей қасиеті қыздыру аймақтарындағы жақсы жылу өткізгіштік жəне
жылудың жан-жаққа аз таралуы болып табылады.
Шыны-керамиканың үлкен термотөзімділігі əзірленген ыстық тағамды бірден үстелдегі салқын
жерге қоюға мүмкіндік береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тағамды алюминий жұқалтырда немесе жұқалтырдан
жасалған тəрелкелерде жылытуға тыйым салынады. Үстелдің ыстық бетімен
жанасқан кезде жұқалтыр балқып, үстелге жабысады.
Қызу аумағының ыдыссыз жұмыс жасауына жол бермеңіз, себебі осы кезде қызу температурасы
жылдам артып, қыздырғыш элементтердің істен шығуына алып келуі мүмкін.
1
3
5

Содержание

Похожие устройства